Басты бетОрта АзияҚазақстан мен Өзбекстан...

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайтуға үлес қосқан азаматтар марапатталды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайтуға үлес қосқан бірқатар тұлға «Құрмет» және «Достық» ордендерімен наградталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар. 

Президент Жарлығына сай, ӨР премьер-министрінің орынбасары Жамшид Ходжаев пен ӨР Мәдениет министрі Озодбек Назарбеков — «Достық», ал ӨР Жазушылар одағының төрағасы Сирожиддин Сайид пен Қазақ мәдени орталығының бұрынғы төрағасы Дамир Қалдыбаев «Құрмет» орденімен марапатталды. 

Өзбекстан мен Қазақстан
Фото: Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі

Еңбегі еленген мемлекет және мәдениет қайраткерлеріне наградаларды Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бейбіт Атамқұлов табыс етті. Оның барысында екі елдің арасындағы мәдени, әдеби байланыстардың барынша нығайып келе жатқаны атап өтілді. 

Тараптар алдағы уақытта да бұл бағыттағы қарым-қатынасты ілгерілетіп, ынтымақтастықта жұмыс істеуге сенім білдірді. 

марапат
Фото: Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі
Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі
spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылы

1 наурыз Иран және шет елдік ақпарат құралдары Жоғарғы көсем аятолла Әли Хаменеидің шабуыл барысында қаза тапқанын растады. Сонымен...

Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады

Фото: AP / ТАСС 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады. Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац «Израиль мемлекеті өзіне...

АҚШ Иран мәселесін қалай шешпек?

фото reuters АҚШ-тағы саяси ахуал: Президент Трамптың саясатын халықтың қолдауы 38 пайызға дейін төмендеді. Осы жылдың 3 қарашасында Сенат пен...