HomeӘлем жаңалықтарыФранция мен Сауд...

Франция мен Сауд Арабиясы ХАМАС-ты қарусыздандыру жоспарын әзірлеуде

Фото: x.com / @EmmanuelMacron

Bloomberg:   Франция мен Сауд Арабиясы ХАМАС ұйымын тек саяси күшке айналдыру және оны қарусыздандыру бойынша бірлескен бастаманы дайындап жатыр. Бұл туралы Bloomberg агенттігі келіссөздердің барысымен таныс дереккөздерге сілтеме жасап хабарлайды. Агенттік мәліметінше, саударабиялық өкілдер ХАМАС-пен тікелей диалог жүргізіп жатқанымен, француз тарапынан мұндай байланыстарға қатысу әзірге расталмаған. Жоспардың мақсаты — ХАМАС-ты Палестина автономиясының басқару жүйесіне азаматтық құрылым ретінде енгізіп, оның қарулы қанатынан бас тартуға мәжбүр ету. Инициаторлардың пікірінше, белгілі бір саяси салмақты сақтау ХАМАС-ты біртіндеп қарусыздануға көндіруі мүмкін. Дереккөздердің бағалауынша, Израиль бұл жоспарға қарсы шығуы ықтимал — Иерусалим Газа секторындағы соғыс аяқталғанға дейін ХАМАС-тың әскери де, саяси да ықпалын толық жоюды талап етіп отыр. Bloomberg мақаласы Франция президенті Эммануэль Макрон мен Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман өткізуді жоспарлап отырған бейбіт реттеу жөніндегі конференция қарсаңында жарық көрді. Саммит 17 маусымда БҰҰ штаб-пәтерінде өтеді және Францияның Палестина мемлекетін тану жөніндегі дипломатиялық бастамасымен қатар жүріп жатыр.  ХАМАС-ты қарулы күштен заңды саяси құрылымға айналдыру әрекеті — Израильде де, палестиналық қоғам ішінде де өткір қайшылықтар тудыруы мүмкін тәуекелді қадам. Париж бен Эр-Риядтың бұл бастамасы жаңа дипломатиялық майдан ашады, онда келісімге қол жеткізудің өзі соғыстан кем емес, қауіпті болуы ықтимал.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Израиль-Иран соғысы қашан аяқталады?

Фото Би-би-си сайтынан алынды Біз өткен жолы жариялаған мақаламызда Израиль-Иран соғысы ұзаққа созылмайды деп болжам жасаған едік. Қазіргі жағдайда  соғыстың...

Израиль -Иран қақтығысы: соңғы жаңалықтар

Иран зымырандары талқандаған Израиль тұрғын үйі Натаньяху Иранның ядролық қару жасау бағдарламасын біраз жылдарға артқа шегердік, ендігі мақсат баллистикалық...

Израиль- Иран :Таңғы жаңалықтар

фото Reuters Израиль премьер-министрі Натаньяху Иран азаматтарын билікке қарсы шығуға шақырды 1979 жылы төңкерістің нәтижесінде биліктен кеткен шах Пехлевидің...