HomeЖаңалықтарУкраина "қызыл сызықты"...

Украина «қызыл сызықты» белгіледі

фото visitukraine.today сайтынан алынды

АҚШ -Украина келіссөздері барысында 30 күндік атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізген болатын. Алайда Ресей бұл келіссөзді қолдай қойған жоқ. АҚШ-тың арнаулы өкілінің Путинмен кездесуі де нәтиже бермеді. Путин тағы да қосымша талаптарды жариялады. Саяси сарапшылардың негізгі бөлігі Путин келіссөзге қарсы еместігін білдіре отырып, оны барынша созуға мүдделі деп отыр. Себебі ол басып алынған жерлерді қайтармауды мәлімдеумен қатар жаңа аймақтарды да қосымша басып алуға ұмтылып отыр. Ресей жағының келіссөздер «жердегі жағдайға байланысты» жасалуы керек деп отырғаны осыған байланысты. Ал енді Украина жағы да келіссөздерге нақты ұсыныстары бар және олардан бас тартпайтынын мәлімдеуде.
Ағылшынның «The Independent» газеті Украинаның «қызыл сызықтары» туралы мақала жариялады. 
Украинаның соғысты тоқтату бойынша келісімдерде талқыланатын    нақты ұстанымдары мыналар:
Бірінші, ешқандай жартылай басып алынған аймақтарды Ресейге толық беру туралы мәселе қаралмайды. Украина Путиннің 2014 жылдан бері Ресей басып алған төрт аймақты қайтармау туралы талаптарына қарамастан, ешқандай аймақты беруге келіспейді.
Екінші, ұрланған балалардың қайтарылуы: Украина Ресей зорлықпен алып кеткен мыңдаған балаларды қайтаруды талап етеді. Киев 20 мың баланы ресейліктер алып кетті деп отыр.
Үшінші, азаматтарды босату: Ресейде заңсыз ұсталып отырған және соғыс тұтқындары болып саналмайтын, сондықтан айырбасқа жатпайтын бейбіт тұрғындарды қайтару.
Төртінші, халықаралық қауіпсіздік кепілдігі: Путин атысты тоқтату келісімін бұзған жағдайда Украина халықаралық кепілдіктерді талап етеді.
Сонымен бірге Киев келіссөздердің кешігуіне алаңдаушылық білдіріп отыр.  Украина шенеуніктері Ресейдің келіссөздерді кешіктіруі оның стратегиясының бір бөлігі ғана деп қорқады.
Осы аптада Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі Ресейдің оккупацияланған аумақтарда тұратын украиндықтарға 3,5 миллион төлқұжат таратқанын және бұл шара олардың Ресей армиясына шақырылу қаупін тудырғанын атап өтті.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио осы аптада Украинамен келіссөздерде басып алынған аймақтарды Ресейге қалдыру ықтималдығы туралы  талқылау болғандығы туралы хабарлаған еді. Ол бұған дейін де Украина кейбір жерлерінен бас тартуы керек деп мәлімдеген болатын.
Украина шенеуніктері The Independent басылымына олар майдан шебінің шындығын мойындайтынын және Ресейдің қазіргі атысты тоқтату режимінде біраз аумақты ұстап тұруы мүмкін екенін айтты. Дегенмен, кез келген қосымша аумақты беру «қызыл сызық» деп есептейді.
Олар: «Мысалы, Запорожье немесе Херсонды толық беруді талап етуі қисынсыз – бұл бізге мүлдем ақымақтық сияқты көрінеді», — деп атап өтті. 2022 жылдың ақпан айындағы басқыншылықтан кейін Ресейдің қолында болған бұл аумақтардың тағдыры әлі белгісіз.
«Украинаны құтқару» ұйымынан Николай Кулеба Украина өмір сүру үшін күресіп жатқанда, Ресей армиясын тек сарбаздардан ғана емес, ұрланған балалардан да жасақтап жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, жаппай шабуыл басталғаннан бері 600-ден астам бала табылып, қайтарылды.
Ол сондай-ақ соңғы 11 жылда 1,6 миллион украиндық бала Ресей жаулап алған аумақтарда қалғанын атап өтті. Көбісі Ресейге күштеп жеткізілді, онда олар жаңа мектептерде идеологиялық «тазалаудың» нәтижесінде  украиндық болмысын өшіріп, Украинаға, Батысқа және АҚШ-қа деген өшпенділікке толы сана қалыптастырып отыр.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Үндістан 24-36 сағаттан кейін Пәкістанға шабуыл жасауы мүмкін

фото https://oxu.az/ сайтынан алынды Пәкістанның ақпарат министрі А. Тарар Пәкістанның барлау қызметіне сілтеме жасай отырып, Үндістанның жақын арада, мүмкін алдағы...

Канада АҚШ-қа берілмейтінін мәлімдеді

фото Блэр Гейбл/Рейтер CNN   29 сәуір Канаданың жаңадан сайланған премьер-министрі Марк Карни Канаданың АҚШ-қа ешқашан берілмейтіні туралы мәлімдеме жасады. Ол 28...

Зеленский Қырымды беруден бас тартты

Фото: EPA Сәрсенбі күні Лондонда өтуге тиіс келіссөздерге АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубио бармайтын болды. Басты себеп- 22 сәуір күні...