Басты бетӘлем жаңалықтарыУкраина АҚШ көмегі...

Украина АҚШ көмегі қысқарған жағдайға дайындалуда

   Фото https://gordonua.com сайтынан алынды

19 сәуірде The Washington Post газетінде жарияланған мақалада Украина АҚШ-тың қолдауының қысқаруы мүмкін деген алаңдаушылық білдіріп,  артиллерия өндірісін ұлғайтып жатқаны айтылған. Еуропалық одақтастар украиналық гаубицаларды, атап айтқанда, «Богдана» доңғалақты өздігінен жүретін гаубицаға (ӨЖГ) белсенді түрде инвестициялауда.
Басылымның хабарлауынша, «Богдана» ӨЖГ 2023 жылы айына алты данасын шығарса, ал 2025 жылы айына 20-дан астамға дейін өсті. Еуропалық Одақ Ресейдің бұғатталған қаржысының өсімінен жаңа гаубицаларды жасауға 1 миллиард еуро бөлетінін жариялады және Украинаның қорғаныс саласына жылдың соңына дейін 20 миллиард еуродан астам қаражат бөлуді жоспарлап отыр.
ЕО-ның Киевтегі өкілі Катарина Матернова мұндай өндірістің артықшылықтарын атап өтті: ол арзанырақ, жылдамырақ, көліктік-логистикалық шығындарды азайтады және экономикалық өсуге ықпал етеді.
Мақалада сондай-ақ Еуропаның АҚШ-тың, әсіресе әуе қорғанысы саласындағы көмегінің қысқаруының орнын толтыру мүмкіндігі туралы мәселе көтеріледі. Осыған байланысты кейбір Еуропа елдері Украинаның қорғаныс өнеркәсібіне тікелей инвестиция салуды қарастыра бастады.
Сонымен қатар, Қорғанысқа сатып алулар агенттігінің директоры Арсен Жұмаділов «Богдана» ӨЖГ  құрамдас бөліктерінің 85%-дан астамы Украинада өндірілетінін және жыл соңына дейін бұл үлес 95%-ға жетеді деп күтілуде деп мәлімдеді. Президент Владимир Зеленскийдің айтуынша, майдандағы қару-жарақтың 40%-дан астамы Украинада жасалған және ел ұзақ қашықтыққа ұшатын зымырандарды жасауда айтарлықтай жетістіктерге жетті.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Әзірбайжан және Өзбекстан: Үстірт аймағындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі Әзірбайжан мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR) Өзбекстанның Үстірт аймағында көмірсутегі ресурстарын игеру бойынша...

АҚШ-Россия: Аляскада қандай мәселелер талқыланды?

Фото: Эндрю Харник/Getty Images Аляскадағы кездесуге әлем...

Украина тағдыры қыл үстінде

Аляскадағы Трамп пен Путин кездесуі Ресей-Украина соғысын тоқтата қоймайтыны белгілі. Алайда ұзаққа созылатын келіссөздердің басы болуы мүмкін. Келіссөзге қатысушылардың...