Басты бетӘлем жаңалықтарыУкраинаға қарсы соғысып...

Украинаға қарсы соғысып жатқан екі қытай солдаты тұтқынға түсті

Украинаның «Ми Украина» телеарнасына сұхбат берген президент Зеленский Тарасовка мен Белогоровка маңындағы шайқастарға Қытайдың алты азаматы қатысқаны және олардың  екеуі тұтқынға алынғанын мәлімдеді. Ол тұтқынға алынғандардың «Құжаттары, төлқұжаттары және тіпті несие карталары бар. Бұл Қытай азаматтары. Менің ойымша, бұл маңызды сигнал және Америка Құрама Штаттары бүгін болып жатқан оқиғаларға көбірек назар аударуы керек», — деді Зеленский.
Сонымен бірге Зеленский «Солтүстік Корея әскерлері бізге қарсы Ресейдің Курск облысында соғысты, ал Қытай әскерлері тікелей Украина аумағында соғысқа қатысуда» -деп атап өтті.
УНИАН сайты осыдан бір ай бұрын Донецк облысының Селидово елді мекенінде қытай жалдамалылары байқалған еді деп жазды.
Украинаның сыртқы істер министрі Сибига Қытай елшісін шақырып, наразылығын білдірді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Әзірбайжан және Өзбекстан: Үстірт аймағындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі Әзірбайжан мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR) Өзбекстанның Үстірт аймағында көмірсутегі ресурстарын игеру бойынша...

АҚШ-Россия: Аляскада қандай мәселелер талқыланды?

Фото: Эндрю Харник/Getty Images Аляскадағы кездесуге әлем...

Украина тағдыры қыл үстінде

Аляскадағы Трамп пен Путин кездесуі Ресей-Украина соғысын тоқтата қоймайтыны белгілі. Алайда ұзаққа созылатын келіссөздердің басы болуы мүмкін. Келіссөзге қатысушылардың...