ЖИ салған сурет
Флоридада АҚШ пен Украина делегацияларының кездесуі қарсаңында американдық беделді басылым The Wall Street Jornal («Уолл-стрит джорнал») «Ақша жасаңдар, біоақ соғыспаңдар: Трамптың Украинада бейбітшілік орнатуының нақты жоспары» (Make Money Not War: Trump’s Real Plan for Peace in Ukraine) деп аталатын мақала жариялады. Бұл мақала Трамп жоспары әлеуметтік желіде тарағаннан кейін жариялана бастаған Путиннен Трампқа «іскерлік ұсыныс» болуы мүмкін екендігі туралы хабарламалардың жалғасы болды. Осы тақырыпта жарияланған мақалалар негізінен Трамптың Украинаға арналған 28 тармақтан тұратын жоспарының экономикалық аспектілеріне қатысты болжамдар (20 қарашада жарияланды). Көшбасшылар арасында нақты «іскерлік келісімнің» тікелей расталған фактілері әзірге жоқ. Алайда бұл мақалалар Трамптың осындай бизнес жоспарларын жүзеге асыруға жол бермеуге арналған.
Путин -Трамп жоспарының негізгі бағыттары:
Трамп жоспарының негізгі элементтері:
Жоспардағы басты идея: Территорияларға байланысты шешімдердің орнына экономикалық интеграция: 28 тармақтан тұратын құжатта Украинаны қалпына келтіруге АҚШ пен Ресейдің бірлескен инвестициялары ұсынылады. Бірлескен өркендеу арқылы болашақ қақтығыстардың алдын алу үшін шекаралар бизнес мүмкіндіктермен салыстырғанда маңызды емес болып шығады.
Путин жалпы Украинаны қалпына келтіру жоспарына Ресей басып алған территорияларды кіргізбекші. Сонымен бірге шекара мәселесіне ерекше көңіл бөліп отырған Украинаны дамудан артта қалған ел ретінде көрсетуге ұмтылуда.
Прагматизм, тек прагматизм. Қандай ұсыныс жасалып отыр
- Бұғатталған активтерді пайдалану: Ресей орталық банкінің шамамен 300 миллиард долларлық активтері (Батыста бүғатталған) АҚШ басқаратын жобаларға бағытталу ұсынылады. Осы жобадан түскен пайданың елу пайызы АҚШ-тың еншісіне тиеді.
- Жоспарға әскерлер шығарылғаннан кейін санкцияларды алып тастау, Запорожье атом электр станциясын бірлесіп басқару (50/50), инфрақұрылымды қалпына келтіру (газ құбырлары, қалалар) және АҚШ-тың қатысуымен Украинаны қалпына келтіруге 2 триллион доллар бөлу кіреді (The Atlantic). Сыншылар мұны Трамп үшін «іскерлік келісім» деп санайды: американдық компаниялар (мүмкін, оның отбасымен байланысты) келісімшарттар алады, ал Ресей ресурстарға қол жеткізеді және шектеулерді алып тастайды. The Wall Street Journal басылымы Майамидегі құпия кездесудің (Дмитриев-Виткофф-Кушнер) тек бейбітшілік туралы ғана емес, сонымен қатар іскерлік қарым-қатынастар туралы болғанын атап өтті: газ өндіру, сирек кездесетін металдар және Nord Stream жобасын қайта жандандыру жобалары талқыланды.
- Бірлескен жобалар: Ресейдің Арктика минералды ресурстарын пайдалану, ғарыш саласындағы ынтымақтастық (мысалы, SpaceX-пен Марсқа бірлескен миссия) және АҚШ Ресей ресурстарына қол жеткізетін басқа да бастамаларды қамтиды. Нақты ұсыныстар: Американдық компаниялар Арктика мен Сібірде сирек кездесетін металдарды өндіруге, энергетикалық келісімдерге (Nord Stream-ді қайта жандандыру) және Роснефтьпен жобаларға (Exxon Mobil-ді Сахалинге қайтару) қатыса алады. Санкцияланған ресейлік олигархтар (Тимченко, Ротенберг) АҚШ компанияларына газ және өндіріс бойынша концессиялар ұсынып жатыр.
- Мүдделі топтар немесе негізгі тұлғалар: келіссөздерге американдық бизнесмендер Стив Виткофф (Трамптың арнайы өкілі) және Джаред Кушнер қатысуда, ал Кирилл Дмитриев Ресей жағында. Бұл дәстүрлі дипломатиялық арналарды (мысалы, ЦРУ және Мемлекеттік департамент) айналып өтіп, бизнеске бағытталған тәсілді баса көрсетеді.
- Сатып алушылар: Джентри Бич (Arctic LNG-дегі үлес) және Стивен П. Линч (Nord Stream 2) сияқты Трамппен байланысты тұлғалар қазірдің өзінде келісімдер бойынша келіссөздер жүргізуде.
Жоспардың мақсаты: Кремль: Жоспарды АҚШ-тың «қауіпсіздік аппаратын» айналып өту және Ресейді АҚШ үшін экономикалық мүмкіндік ретінде ұсыну тәсілі ретінде насихаттауға кірісті.
Еуропаның реакциясы: Дональд Туск (Польша) және Фридрих Мерц (Германия)сияқты көшбасшылар бейбітшілікке емес, бизнеске назар аударғаны үшін АҚШ-ты сынай бастады және оны Ресейдің айтқанын істегені үшін сыйақы ретінде қарастырады. Бұл АҚШ пен оның одақтастары арасындағы алшақтыққа қатысты алаңдаушылық күшейтеді. Ресейдің бір мақсаты- одақтастар арасына сына қағу, алауыздық туғызу.
Жоспарды жасаушылар Европаны агрессияны ынталандыру арқылы қақтығысты ұзартуға мүдделі деп айыптауда.
Әрине саясаткерлердің басым бөлігі Путин ұсынысының шынайылығына күмәнді — мүмкін ол жеңіске ұмтыла отырып, АҚШ-ты тыныштандыру үшін жоспарды пайдаланып жатқан шығар деп есептейді. Сондай-ақ, Кит Келлогг сияқты шенеуніктерге немқұрайды қарау және қауіпсіз дипломатияның орнына бизнес арналарын пайдалануға ұмтылыс бар.
Украинаның реакциясы: Украина Женевадағы келіссөздер барысында Европа дипломатиясының көмегімен жоспарды 28 баптан 19 бапқа дейін қысқартты деген мәлімет бар. Кеше The Telegraph басылымында Украинаның Англиядағы елшісі, бұрынғы қарулы күштердің бас қолбасшысы В. Залужныйдың мақаласы жарияланды. Онда елші Украина жасырын келіссөздер арқылы мәжбүрлеуге көнбейтінін және НАТО-ға мүше болуы қажет және уақытында уәдеге сеніп Ресейге берілген ядролық қаруға қайта ие болуы керек деп мәлімдеме жасады. В.Залужныйдың бұл пікіріне республикандық партияның жетекшілерінің бірі -Линдси Грэм Х (Твиттер) әлеуметтік желісінде «орындалмайтын арман» деп жауап берді.
Осы жағдайға байланысты қазақтың «күштінің арты диірмен тартады» деген мақалы еске түседі. Сонан соң күштілердің артына қарап өмір сүру қаншама тиімді деген сұрақ туады


