HomeӘлем жаңалықтарыУкраинадағы соғыстың жаңа...

Украинадағы соғыстың жаңа кезеңі басталды ма?

         Қазіргі таңда Ресей-Украина соғысы барысында екі тенденция байқалады. Біріншісі, келіссөздерді бастау қажеттігін екі жақ та түсінуге мәжбүр бола бастады. Себебі екі жылдан асқан соғыстың нәтижесінде екі жақ та титықтады. Шет елдік басылымдар екі жақтың адам шығыны 1 миллионнан асты деген мәлімет келтіруде. Экономика тығырыққа тіреле бастады. Одақтастар қаржы, қару жарақ беруден шаршай бастады. Ағылшынның халықаралық «Financial Times» ( FT) газеті осы аптада Ресей мен Украина энергообъектілерге шабуыл жасамау туралы жасырын келіссөздерді қайта бастауға мүдделі деп жазса, ал Белоруссия президенті А.Лукашенко екі жақ Стамбул келісімдерін қайта бастауы қажет деп мәлімдеді. Путиннің сенімді досы бұл әңгімені бекерге бастамағаны белгілі. Сонымен бірге ол екі жақ та «ничьяға» келісуі мүмкін деп отыр.

         Екінші тенденция, екі жақ та келіссөздер басталған жағдайда ұтымды позицияда болғысы келетіндіктен шабуылдауды тоқтатпай отыр. Украина  Ресейдің Курскі облысының бір бөлігін басып алып, бұл келіссөзге дайындық десе, ал Ресей Донбасс пен Херсон аймағын толық басып алуға ұмтылуда.    Енді осы ойынға Солтүстік Корея араласа бастады. Солтүстік Кореяның әскерлері Ресейге келе бастады деген мәліметті Украина мен Оңтүстік Кореяның барлау қызметі алғаш хабарласа, кейіннен ресми Москва солтүстік корей әскерлері көмекке келді деп жариялады. Бұл мәселе 30 қазан күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мәжілісінде қаралды. Ресейдің БҰҰ тұрақты өкілі Небензя Москва мен Пхеньянның әскери ынтымақтастығы халықаралық құқыққа сай жүргізілуде деп мәлімдеді. Өткен аптада президент Владимир Путин, Пхеньянның оған көмектесуі үшін мыңдаған әскер жіберуге дайындалып жатыр деген хабардан кейін, Солтүстік Корея әскерлерінің Ресейге келгенін жоққа шығармады. «Бұл біздің егеменді шешіміміз», — деді баспасөз мәслихатында сұрақтан айналып өткен Путин. «Біз оны пайдаланамыз ба, жоқ па, қайда, қалай, дайындық пен әскери жаттығулар жасаймыз ба немесе тәжірибемен бөлісеміз бе, бұл өзіміздің ісіміз»-деді.

         Ассошиэйтед Пресс (Associated Press, AP)  Вашинтонда өткен баспасөз конференциясында АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Блинкен және қорғаныс министрі Остин Солтүстік Корея әскерлері Украина шекарасына жақын жерде шоғырланып жатқанын және олардың саны 10 мыңдай екенін мәлімдеді. АҚШ астанасына келіссөздер жүргізуге Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрі Чо Тэ Юль келсе, ал Мәскеуге Солтүстік Кореяның сыртқы істер министрі Цой Сон Хи ресми сапармен келді. 1 қараша күні Солтүстік Кореяның сыртқы істер министрі өз әскерлерінің Ресейге көмек беруге келгендігін мойындады және ресейліктер жеңіске жеткенше бірге боламыз деп мәлімдеді. Оңтүстік Корея Украинаға қандай көмек беру мәселесін шеше алмай жатқанда Солтүстік Корея соңына дейін барамыз дей отырып, ауыр ядролық зымыранды сынақтан өткізді. Ал Оңтүстік Кореядағы оппозциялық партиялар әскери көмек беруден бас тарту керек, себебі соғыс жалыны Корей түбегін жалмауы мүмкін деп, гуманитарлық көмекпен шектелуді талап етуде. АҚШ-тың қорғаныс министрі Остин солтүстік корейлік әскерлер Украина территориясына кіретін болса, заңды нысана ретінде жойылады деп мәлімдей отырып, 59 миллиард долларлық көмек туралы жариялады.

Украин барлау қызметі солтүстік корей әскерлері Курскі аймағындағы соғысқа қатысады деп болжап отыр. Курск облысына басып кірген украин әскерлерін әлі күнге шегіндіре алмай отырған Ресей жағы солтүстік корей әскерлерін осы әскери операцияға қолдануы мүмкін. Себебі бұл Ресей территориясы және өз жерін қорғауға одақтастары қатысуда деп жариялайды.  Соған қарағанда Солтүстік Корея әскерлері Украина территориясына кірмейтін сияқты. Ассошиэйтед Пресс хабарлағандай,  АҚШ қорғаныс министрі Остин солтүстік корейлік 10 мың солдат Курскідегі жағдайды шешуге қауқары жетпейді деп мәлімдеді. Себебі соғыс барысында ресей жағының 500 мың адамы саптан шықты (қаза тапқаны және жарланғандары). Украиналық Defence Express басылымының редакторы Валерий Рябых, солтүстік кореялық сарбаздарға Ресей-Украина шекарасының учаскелерін күзету міндеті жүктелуі мүмкін, себебі бұл орыс бөлімшелеріне басқа жерлерде соғысуға мүмкіндік береді, деген болжам айтты. «Мен бұл бөлімшелердің бірден алдыңғы шепте пайда болу мүмкіндігін жоққа шығарар едім», — деді ол.

Ассошиэйтед Пресс осы аптада мемлекеттік департаменттің жоғары деңгейдегі қызметкерлері Қытай елшісімен кездесулер өткізгенін хабарлады. 1 қараша күні АҚШ және Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрлігі  Қытайдың басшыларына Солтүстік Корея көсеміне әсер етуді ұсынды. Қытайдың Жэнминь университетінің халықаралық қатынастар бойынша сарапшысы Ши Инхун Ресей мен Солтүстік Кореяның әскери байланыстары Қытайдың Корей түбегіндегі бейбітшілік орнату саясатына қайшы келеді деп есептейді. Алайда қазіргі жағдайда Ресей де Солтүстік Корея да Қытайдың сөзіне құлақ асатыны белгілі.

         Халықаралық деңгейдегі бұл шудың мақсаты -келісімге келген жағдайда қысым жасауға арналған шара. Себебі қазан айының соңында Ресейдің ядролық күштерінің -судағы, жердегі, әуедегі – жаттығуы өтті. Плецеск сынақ аймағынан жіберілген континентаралық баллистикалық «Ярс» зымыраны Камчаткадағы нысанды жойды. Міне бұл да Украинаның келіссөз барысында АҚШ-тан 1500 шақырымға ұша алатын «Томогавк» зымырандарын өз территориясына орналастыру туралы құпия өтінішінің жарияланып кетуіне жауап сияқты.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Зеленский Қырымды беруден бас тартты

Фото: EPA Сәрсенбі күні Лондонда өтуге тиіс келіссөздерге АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубио бармайтын болды. Басты себеп- 22 сәуір күні...

        Путин келіссөздерге дайын екенін мәлімдеді

 21 сәуір күні Ресей президенті Владимир Путин соғыс басталғаннан бері алғаш рет Украинаға екіжақты келіссөздер жүргізуді ұсынды деп хабарлайды...

Рим Папасының сайлауына американдық үміткер қатыса ала ма?

Ватикан   фото Фейсбуктен алынды Дүниедегі ең ықпалды қаржылық, талдау және ақпараттық платформалардың бірі - Bloomberg  Рим Папасын сайлау туралы мақала...