Басты бетСоңғы жаңалықтарТүркі әлемі елдерінің...

Түркі әлемі елдерінің өкілдері Бакуде өткен жиында 34 әріптен тұратын латын әліпбиіне негізделген біртұтас әліпбиге келісті

Түркі әлемі елдерінің өкілдері Бакуде өткен жиында 34 әріптен тұратын латын әліпбиіне негізделген біртұтас әліпбиге келісті, — деп хабарлайды Tengri Life.
Түркі академиясының мәліметінше, 9-11 қыркүйекте Әзірбайжан астанасында Түркі мемлекеттері ұйымы жанынан құрылған Түркі әлемінің біртұтас әліпбиі жөніндегі комиссияның үшінші отырысы өтті.
Басқосудың негізгі мақсаты – осы саладағы жинақталған білім мен комиссияның екі жылдық тәжірибесін пайдалана отырып, түркі тілдерінің біртұтас әліпбиі жобасы бойынша жұмысты аяқтау» деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Шараға қатысушы ғалымдар алғаш рет 1991 жылы ұсынған латын әліпбиіне негізделген біртұтас түркі әліпбиінің жобасын қарастырды. «Комиссия егжей-тегжейлі талқылап, осы әліпби жобасын жетілдіруді қажет ететін тұстарды анықтады. Осы тынымсыз жұмыстың нәтижесінде 34 әріптен тұратын біртұтас түркі әліпбиі туралы ұсыныс келісілді», — делінген хабарламада.
Ұсынылған әліпбидің әрбір әрпі түркі тілдерінде кездесетін әртүрлі фонетикалық дыбыстарды білдіретіні нақтыланады.
«Бұл кездесудің сәтті аяқталуының тарихи маңызы бар, біртұтас түркі әліпбиін дамыту түркі халықтарының тілдік мұрасын сақтай отырып, өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа септігін тигізеді», — деп атап өтті Түркі академиясы.
Шараны ұйымдастырушылар тиісті мекемелерді «ұсынылып отырған біртұтас түркі әліпбиін жүзеге асыруға тиімді қолдау көрсетуге» шақырды.
Түркі академиясы түркі мемлекеттері ұйымының жанынан құрылған, түркі елдері мен аймақтары арасындағы ғылыми және білім саласындағы ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесетін халықаралық ұйым. Академия құрамына төрт мемлекет – Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия, сондай-ақ екі бақылаушы – Венгрия мен Өзбекстан кіреді. Оның бас кеңсесі Астана қаласында орналасқан.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Әзірбайжан және Өзбекстан: Үстірт аймағындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі Әзірбайжан мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR) Өзбекстанның Үстірт аймағында көмірсутегі ресурстарын игеру бойынша...

АҚШ-Россия: Аляскада қандай мәселелер талқыланды?

Фото: Эндрю Харник/Getty Images Аляскадағы кездесуге әлем...

Украина тағдыры қыл үстінде

Аляскадағы Трамп пен Путин кездесуі Ресей-Украина соғысын тоқтата қоймайтыны белгілі. Алайда ұзаққа созылатын келіссөздердің басы болуы мүмкін. Келіссөзге қатысушылардың...