HomeӘлем жаңалықтарыТрамп Путин мен...

Трамп Путин мен Европаға ультиматум қойды

Фото Ludovic Marin/AFP/Getty Images

Өткен аптада Ресейдің Сыртқы істер министрі мен Сыртқы барлау қызметінің басшысы Трамп пен Европаға Путиннің талаптарын жеткізген болатын. Біз бұл мәселені «Путин Трампқа мат қойды» деген мақалада талқылап, Ресейдің негізгі талаптарын көрсеткен едік. Ал 18 сәуір күні АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марк Рубио Парижде Еуродақ және Украина өкілдерімен кездесуден кейін журналистерге: «Егер біз Украинадағы соғысты тоқтата алмасақ, онда алға жылжуымыз керек», — деді.
Мемлекеттік хатшының «алға жылжуымыз» керек деген сөзін CNN телеарнасы былай түсіндіреді.
Бірінші, Ресей келісімге келмеген жағдайда АҚШ-тың Украинаға көмегін көбейтіп, санкциялар күшейеді. Санкциялардың Ресейге ең қауіптісі – орыс мұнайын сатып алушыларға 500 пайызға дейін салық салу. Трамптың қазіргі тарифтерінен мазасы қашып жүрген көптеген елдер үшін бұл қатаң ескерту.
Екінші, АҚШ Европаға да, Ресейге де өкпелеген жағдайда жалпы Украинаға байланысты келіссөздерден шығады. Осыған байланысты Марк Рубио былай деп айтты: «Бұл біздің соғыс емес. Біз оны бастаған жоқпыз. «Америка Құрама Штаттары соңғы үш жылда Украинаға көмектесіп келеді және біз мұның тоқтағанын қалаймыз, бірақ бұл біздің соғыс емес», — деді Рубио, Америка Құрама Штаттарының жай ғана кетіп қалуы, Украина мен оның еуропалық қолдаушыларын Ресеймен жалғыз қалдыру мүмкіндігін меңзейді.
Бұл АҚШ-тың келіссөзге қатысушылардың барлығының алдына қойған ультиматумы деп қабылдауға болады. Бұл мәселенің шешімі алдағы аптада Лондонда өтетін келіссөздерде шешіледі. Вице-президент Вэнс Италияда «келіссөздер нәтиже береді» деп мәлімдеме жасаса, ал Трамп телеарналарға берген сұхбатында алғаш рет соғыстың басталуына үш адам жауапты деп нақты айтты. Олар: Байден, Путин және Зеленский. Трамптың билікке келгелі Путинге шаң жуытпай жүргені белгілі. Осы жолғы мәлімдемесі оның Путинге өкпелі екенін көрсетеді.
Осы мәселеге байланысты Путиннің Пасха мерекесіне байланысты бір күндік атысты тоқтатуға бұйрық беруі Трампқа берілген белгі деп қабылдауға болады. Би-би-си бұл шараны «бір көрерменге -Трампқа арналған қойылым» деп атады. Сарапшылар Путин ұзын арқау, кең тұсау жасап келіссөздерді созуға мүдделі екенін айтуда. Оның мақсаты өзіне қосып алдым деген Украина облыстарын толық басып алу.
Ал енді Европадан да белгі берілді. Болашақ Германияның канцлері Ф. Мерц жаңа дәстүр қалыптастырып, Пасха мерекесі қарсаңында халыққа жолдау ұйымдастырды. Оның канцлер қызметіне толық кіріспей жатып жолдау жасауы өте маңызды мәселеге орай болуы мүмкін. Ол өз сөзінде «Пасха – бұл үміт мерекесі». «Германия Европа мен бүкіл дүниенің алдында өзіне жаңадан үлкен жауапкершілік алады. Айқайламай, бірақ сенімді түрде. Аспандамай, өз әріптестерімізбен бірге» деп мәлімдеді деп хабарлайды «Немецкая волна».
Бұл қандай жауапкершілік екені алдағы аптада өтетін Лондондағы Еуроодақ басшыларының кездесуінде белгілі болады.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Кашмир дауы кезекті Үндістан мен Пәкістан соғысына ұласа ма?

Кашмир мәселесі – Үндістан мен Пәкістан арасындағы Кашмир аймағын иеленуге байланысты басталған күрделі және ұзақ уақытқа созылған дау. Қазіргі...

Зеленский Қырымды беруден бас тартты

Фото: EPA Сәрсенбі күні Лондонда өтуге тиіс келіссөздерге АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубио бармайтын болды. Басты себеп- 22 сәуір күні...

        Путин келіссөздерге дайын екенін мәлімдеді

 21 сәуір күні Ресей президенті Владимир Путин соғыс басталғаннан бері алғаш рет Украинаға екіжақты келіссөздер жүргізуді ұсынды деп хабарлайды...