Басты бетАҚШТрамп Иранға шабуылдан...

Трамп Иранға шабуылдан бас тартты. Алайда әскери дайындық жалғасуда.

фото Эвелин Хокштейн/Рейтер

  • AFP ақпарат агенттігі Сауд Арабиясының жоғары лауазымды шенеунігіне сілтеме жасай отырып, Сауд Арабиясы, Катар және Оман аймақтағы тұрақсыздықтан қорқып, АҚШ президентін Иранға шабуыл жасамауға көндіргенін хабарлады. AFP дереккөзінің мәліметінше, бұл елдер «соңғы сәтте ерекше дипломатиялық күш-жігер жұмсаған».
  • Трамп баспасөзге берген сұхбатында «мені ешкім шабуылдан бас тартуға көндірген жоқ. Иран басшылығы 800 адамды дарға асуға шешімін өзгерткеннен кейін мен шабуыл жасамау туралы шешім қабылдадым» деді.
  • АҚШ-тың CNN телеарнасы Трамптың арнайы өкілі Уиткофф Иранның сыртқы істер министрі Арагшимен байланыста болды және келісімге келуге әсер етті хабарлады.
  • Болашақ келіссөздерде Иран атом жобасынан, ХАМАС пен Хезболланы қаржыландыру мен қаруландырудан бас тартуы мүмкін.
  • CNN талдауында Иранда билікке келуге дайын оппозициялық күштердің жоқтығына және діни жүйені қолдайтын әскерилердің әзірше күштілігіне көңіл бөлген.
  • АҚШ-тың әскери күштерінің Иран маңына шоғырлануы жалғасуда.
  • Рейтер агенттігі наразылықтар барысында 2000 астам адам қайтыс болды деп хабарлады
spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

АҚШ шамамен 24 сағаттан кейін Иранға шабуыл жасауы мүмкін

фото © REUTERS  Stringe Рейтер. 14 қаңтар. Рейтер агенттігі Европалық және Израильдегі дереккөздерге сүйене отырып АҚШ 24 сағаттың ішінде Иранға шабуыл...

АҚШ Венесуэлаға шабуыл жасады. Мадуро тұтқындалды.

Фото: STR/AFP 3  қаңтар күні АҚШ әскерлері көрші Венесуэланың астанасы Каракасқа шабуыл жасап, заңсыз билікте деп саналған президент Мадуроны әйелімен тұтқындап,...