Басты бетАҚШТрамптың екінші шегінісі

Трамптың екінші шегінісі

Тарифтер жарияланғаннан кейін қорлар күрт төмендеп, Уолл-стриттегі белгісіздік пен құбылмалылықты арттырды. S&P 500 индексі жұма күні жабылар алдында 5%-дан астам төмендеді. АҚШ-тың 10 жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі бір апта ішінде 50 базистік тармақтан астамға өсті, бұл тарихтағы ең үлкен секірістердің бірі. Бұл инвесторларды американдық активтерді сатуға мәжбүрлеген Трамптың сауда саясатының кері әсерімен байланысты болды.
Американдық активтерді сата бастау Трамп әкімшілігін кері шегінуге мәжбүр етті. Облигациялар кірістілігінің өсуі Ақ үйді өзгерістер енгізуге, соның ішінде Қытайды қоспағанда, жаңа әмбебап 10% мөлшерлеме пайдасына көптеген елдер үшін тарифтерді 90 күндік кейінге қалдыруға итермелеуі мүмкін.
Бұл оның бірінші шегінісі болды. Ал 12 сәуірге қараған түні Трамп АҚШ-тың кеден және шекараны қорғау жөніндегі жаңа нұсқауларына сәйкес смартфондарды, компьютерлерді және басқа да технологиялық құрылғылар мен компоненттерді тарифтерден босатты. Себебі Қытайға қарсы тарифтерді 145 пайызға көтергеннен кейін сол елде өз өнімдерінің көпшілігін жасайтын Apple сияқты технологиялық алпауыттарға нарықтық бағасына бірден әсепр етті. Трамп жаңа тарифтерді жариялағаннан кейінгі бірнеше күн ішінде Apple акциялары нарықтық құнынан 640 миллиард доллардан астам жоғалтты, деп хабарлады CNBC. Кейбір бағалаулар бойынша, iPhone бағасы осы тарифтерге байланысты 3500 долларға дейін көтерілуі мүмкін.
Evercore ISI инвестициялық зерттеу фирмасы iPad құрылғыларының 80% және Mac компьютерлерінің жартысынан көбі Қытайда шығарылады деп есептейді. Сондай-ақ мұнда iPhone телефондарының шамамен 90% түпкілікті құрастыру орналасқан. Wedbush Securities қаржы компаниясының жаһандық технологиялық зерттеулер бөлімінің басшысы Дэн Айвстың айтуынша, Apple-дің АҚШ-қа көшуі смартфондар бағасының шамамен 1000 доллардан 3500 долларға дейін өсуіне әкелуі мүмкін еді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Әзірбайжан және Өзбекстан: Үстірт аймағындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі Әзірбайжан мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR) Өзбекстанның Үстірт аймағында көмірсутегі ресурстарын игеру бойынша...

АҚШ-Россия: Аляскада қандай мәселелер талқыланды?

Фото: Эндрю Харник/Getty Images Аляскадағы кездесуге әлем...

Украина тағдыры қыл үстінде

Аляскадағы Трамп пен Путин кездесуі Ресей-Украина соғысын тоқтата қоймайтыны белгілі. Алайда ұзаққа созылатын келіссөздердің басы болуы мүмкін. Келіссөзге қатысушылардың...