Басты бетҚытайТоқаев ҚХР Төрағасына...

Тоқаев ҚХР Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Си Цзиньпин мен қытай халқын ҚХР-дың құрылғанына 75 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында ел бірлігі мен тұтастығының бірегей нышаны саналатын бұл күннің орны ерекше екеніне тоқталды. Сонымен қатар Қытайды әлемдегі көшбасшы, әрі жаһандық орнықты дамуға, халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлес қосып отырған қуатты мемлекет ретінде атап өтті.

Президент Қазақстан мен Қытай арасындағы сан қырлы ынтымақтастық стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Екі елдің мызғымас достық пен тату көршілікке негізделген байланысы қос халықтың игілігі жолында ұдайы нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас қытай халқына бақ-береке тіледі.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Трамп Иранға шабуылдан бас тартты. Алайда әскери дайындық жалғасуда.

фото Эвелин Хокштейн/Рейтер AFP ақпарат агенттігі Сауд Арабиясының жоғары лауазымды шенеунігіне сілтеме жасай отырып, Сауд Арабиясы, Катар және Оман...

АҚШ шамамен 24 сағаттан кейін Иранға шабуыл жасауы мүмкін

фото © REUTERS  Stringe Рейтер. 14 қаңтар. Рейтер агенттігі Европалық және Израильдегі дереккөздерге сүйене отырып АҚШ 24 сағаттың ішінде Иранға шабуыл...

АҚШ Венесуэлаға шабуыл жасады. Мадуро тұтқындалды.

Фото: STR/AFP 3  қаңтар күні АҚШ әскерлері көрші Венесуэланың астанасы Каракасқа шабуыл жасап, заңсыз билікте деп саналған президент Мадуроны әйелімен тұтқындап,...