HomeӘлем жаңалықтары«Суық соғыс» қайта...

«Суық соғыс» қайта оралды

Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін дүниені бөліп басқарған екі жүйенің — капиталистік және социалистік- «өмір мен өлім» үшін күресі 1991 жылы алып империя — Кеңестер Одағының ыдырауымен аяқталды. Әлемдегі коммунистік идеологияның тірегі — Қызыл империяның құлауы Батыста біраз уақыт эйфория тудырды. Америкадағы   беделді саясаттанушы Френсис Фукуяма 1992 жылы «Тарихтың соңы» деп аталатын еңбегін жариялады. Осы еңбекте коммунистік жүйенің ыдырауы  либералды демократияның жеңісі ретінде жарияланды және осымен «әлемдегі идеологиялық күрес бітті», сондықтан осы оқиғаны «тарихтың соңы» деп есептеді.

         Алайда «тарихтың соңы» болмады, идеологиялар күресінің орнына  «өркениеттер қақтығысы» басталды. 1996 жылы американдық саясаттанушы Сэмюэль Хантингтонның «Өркениеттер қақтығысы» деп аталатын еңбегінде әлемде жанжалдың жаңа кезеңінің басталғаны туралы жазды. Әрине, өркениеттер қақтығысы туралы идея жаңалық емес, себебі орта ғасырлардағы крест жорықтары мен Осман империясының тарихы осыған нақты мысал бола алады. Бірақ Хантингтон сонау 1996 жылы Ресей мен Украинаның соғысы болады деп болжаған еді. Ол батыс Украинадағы католиктер мен Шығысындағы православие арасындағы шиеленіс соғысқа алып келеді және  конфуциандық өркениет пен ислам өркениетінің саяси блогы қалыптасады деп есептеген еді. Қазіргі кезеңде оның болжамдары шындыққа айналып отыр.  Қазіргі кезеңде екі үлкен саяси бірлестіктің контуры айқындалды. Бірінші, АҚШ бастаған, НАТО ұйымына мүше елдер қоштаған, дамыған елдердің тобы. Екіншісі, Қытай мен Ресей бастаған, Иран мен Солтүстік Корея қостаған, дамушы елдердің тобы. Қытайдағы ең арзан жұмыс күшіне қызыққан  Батыс елдерінің инвестициясының нәтижесінде Аспан асты елі дүниедегі екінші экономикаға айналды. Осы өрлеудің нәтижесінде Қытай басшылығы дербес саяси ойын жүргізуге ұмтылуда. Ал Ресейдің сеніп отырғаны табиғи байлығы және көсемінің амбициясы.

Сонымен «суық соғыстың» бүгінгі белгілері қандай?

Бірінші, дұшпан іздеу. Қазіргі кезеңде Ресей ашық түрде Украинада НАТО күштерімен соғысып жатырмыз деп жариялауда. Ал өз кезегінде АҚШ-та «зұлымдық осі» туралы жаза бастады.

Екінші, қарулы қақтығыстарға ашық араласу. Иран, Солтүстік Корея Ресейдің Украинадағы соғысына ашық көмектесуде. Тіпті, жақында, Солтүстік Корея Ресейге көмек ретінде өз әскерлерін аттандырды.

Үшінші, Санкциялық  соғыс. Дамыған елдер Ресейге, Иранға, Солтүстік Кореяға біршама ауыр санкциялар салуда. Олардың мақсаты -экономикалық қуатын әлсірету. Жоғарыда аталған үш елге қарағанда Қытай аяғын аңдып басып, санкциялық шектеуден қашқақтап жүрген ел.

Төртінші,  Ресей, Иран және Солтүстік Корея қарулы жанжалдар арқылы басқаларды қорқытқысы келеді. Олар дүниедегі өз орнын тек осылай мойындатқысы келеді.

1947-1991 жылдар аралығында «Суық соғыс» кезеңі деп аталған дәуірде идеологиялық қақтығыстар 10-нан астам ірі соғыстарға ұласты. Әскери қақтығыстардың ең ауқымдылары:

  1. Корей соғысы (1950-1953): Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея арасындағы соғыс. АҚШ және оның одақтастары Ұлыбритания, Австралия, Канада, Франция және т.б.  Оңтүстік Кореяны, ал Солтүстік Кореяны Қытай мен КСРО қолдады. 2,5 миллион адам қаза тапты.
  2. Вьетнам соғысы (1955-1975):

 Солтүстік Вьетнам мен Оңтүстік Вьетнам арасындағы соғыс.  Оңтүстік Вьетнамды, АҚШ жолдады, ал Солтүстік Вьетнамды  Қытай мен КСРО қолдады. Соғыс Солтүстік Вьетнамның жеңісімен аяқталды. 3-4 миллион адам қаза тапты.

  1. Ауған соғысы (1979-1989):

1979 жылы Кеңес Одағы   Ауғанстанға әскер кіргізді. Моджахедтерді АҚШ, Пәкістан, Сауд Арабиясы қолдады. 1,5 -2 миллионға жуық адам қаза тапты. Оның ішінде Кеңестер Олағынан 15 мыңнан астам.

Жалпы осы кезеңде әскери  қақтығыстардың нәтижесінде 20 миллионға жуық адам қаза тапты.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Израиль-Иран соғысы қашан аяқталады?

Фото Би-би-си сайтынан алынды Біз өткен жолы жариялаған мақаламызда Израиль-Иран соғысы ұзаққа созылмайды деп болжам жасаған едік. Қазіргі жағдайда  соғыстың...

Израиль -Иран қақтығысы: соңғы жаңалықтар

Иран зымырандары талқандаған Израиль тұрғын үйі Натаньяху Иранның ядролық қару жасау бағдарламасын біраз жылдарға артқа шегердік, ендігі мақсат баллистикалық...

Израиль- Иран :Таңғы жаңалықтар

фото Reuters Израиль премьер-министрі Натаньяху Иран азаматтарын билікке қарсы шығуға шақырды 1979 жылы төңкерістің нәтижесінде биліктен кеткен шах Пехлевидің...