Басты бетӘлем жаңалықтарыСирияға байланысты Трамптың...

Сирияға байланысты Трамптың мәлімдемесі

Трамп өзінің «TRUTH Social» әлеуметтік желісінде мынадай мәлімдеме жасады:

«Асад енді жоқ. Ол елінен қашып кетті. Оның қорғаушысы Ресей,  Владимир Путин бастаған Ресей енді оны қорғауға мүдделі болмады. Ресейдің бұл жерде болуына ешқандай себеп жоқ еді. Ресей Украинаға байланысты Сирияға деген қызығушылықтарын жоғалтты, себебі 600 000-ға жуық ресейлік сарбаздар соғыста жараланды және мерт болды.  Бұл соғыс  басталмауы керек еді және  мәңгілікке жалғасуы мүмкін емес.  Қазір Ресей мен Иран әлсіреген күйде, бірі Украинаға байланысты және экономикасының нашарлығынан, ал екіншісі Израиль мен оның әскери жетістіктеріне байланысты. Зеленский мен Украина да мәміле жасап, бұл ессіздікті тоқтатқысы келеді. Олар 400 000 сарбазынан және одан да көп бейбіт тұрғындардан айырылды. Тез арада атысты тоқтатып, келіссөздерді бастау керек. Тым көп адамның өмірі қиылды, тым көп отбасы жойылды, егер бұл жалғаса берсе, ол одан да әлдеқайда үлкен және  жаман нәрсеге ұласуы мүмкін. Мен Владимирді жақсы білемін. Қазір оның әрекет ететін уақыты. Қытай көмектесе алады. Әлем күтіп тұр!»

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Әзірбайжан және Өзбекстан: Үстірт аймағындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі Әзірбайжан мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR) Өзбекстанның Үстірт аймағында көмірсутегі ресурстарын игеру бойынша...

АҚШ-Россия: Аляскада қандай мәселелер талқыланды?

Фото: Эндрю Харник/Getty Images Аляскадағы кездесуге әлем...

Украина тағдыры қыл үстінде

Аляскадағы Трамп пен Путин кездесуі Ресей-Украина соғысын тоқтата қоймайтыны белгілі. Алайда ұзаққа созылатын келіссөздердің басы болуы мүмкін. Келіссөзге қатысушылардың...