Басты бетӘлем жаңалықтарыРим Папасының сайлауына...

Рим Папасының сайлауына американдық үміткер қатыса ала ма?

Ватикан   фото Фейсбуктен алынды

Дүниедегі ең ықпалды қаржылық, талдау және ақпараттық платформалардың бірі — Bloomberg  Рим Папасын сайлау туралы мақала жариялады. Бұл мақаланың саяси астары бар және басқаларға берілген белгі. Себебі басты мәселе — американдық үміткер Рим Папасының тағына отыра ала ма?
Рим Папасы Францисктің өлімі католик әлемі мен АҚШ арасындағы қарым-қатынаста үлкен өзгерістерге әкелуі мүмкін – деп жазды мақала авторы Флавия Краузе-Джексон.
Себебі католицизм тарихында американдық Рим папасы ешқашан болған емес, себебі Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігі 250 жылдан аз уақыт бұрын ғана жарияланса, ал  діни институт екі мың жылдан астам өмір сүруде. Алайда осы жолы американдық Папа сайлануы мүмкін.
Себебі Рим Папасы мен Трамптың арасында шиеленісті жағдайдың болуы  және Франциск қайтыс болғаннан кейін болашақ Папа екі сценарий бойынша  сайлануы мүмкін: консервативті кардинал таққа отырады немесе прогрессивті мұрагер таңдалса, дауыс беру «Давидтің Голиафқа қарсы» шайқасына  ұласуы  мүмкін.
Дональд Трамп бірінші президенттігі тұсында дін мен саясат бір-бірімен тығыз байланысты болды. Трамп Жоғарғы соттың құрамын өзгерте отырып, әйелдердің түсік жасату құқығын шектейтін заң қабылдатты. Трамптың қазір тарифтер арқылы әлемдік тәртіпті өзгертіп жатқаны белгілі. Сондықтан американдық Папа билікке келсе, онда Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін әлемде болып жатқан түбегейлі өзгерістер контекстінде оның  ықпалы  әлдеқайда жоғары болатыны белгілі.
Рим папасы шамамен 1,4 миллиард католиктердің рухани жетекшісі ретінде Трамппен бірге немесе оған қарсы жұмыс істей алады. Бұрынғы уақытта Папалар ықпал ету салаларын екіге бөліп, айтарлықтай билікке ие болды.
Вице-президент Дж.Д.Вэнс тірі папаны соңғы көргендердің бірі болды, ол әртүрлі пікірлерге қарамастан өзімен бірге жаңа дінге келушілердің ынта-жігерін әкелді.
Аргентиналық Папа АҚШ-тың иммиграциялық саясатын сынағанымен, ол либерал емес еді. Трамп басқа да әлемдік көшбасшылар сияқты Ватиканға Рим папасын жерлеу рәсіміне барады, құрмет көрсету және келесі понтификке кандидатты қолдау мүмкіндігін қарастырады.

Жаңа папаны сайлайтын кардиналдардың ассамблеясы тарихи түрде сыртқы араласуды болдырмауға тырысады, алайда саясат әрқашан процеске әсер етудің жолын тауып отырады.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Әзірбайжан және Өзбекстан: Үстірт аймағындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі Әзірбайжан мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR) Өзбекстанның Үстірт аймағында көмірсутегі ресурстарын игеру бойынша...

АҚШ-Россия: Аляскада қандай мәселелер талқыланды?

Фото: Эндрю Харник/Getty Images Аляскадағы кездесуге әлем...

Украина тағдыры қыл үстінде

Аляскадағы Трамп пен Путин кездесуі Ресей-Украина соғысын тоқтата қоймайтыны белгілі. Алайда ұзаққа созылатын келіссөздердің басы болуы мүмкін. Келіссөзге қатысушылардың...