Басты бетӘлем жаңалықтарыРесей-Украина соғысы туралы...

Ресей-Украина соғысы туралы соңғы мәліметтер

фото Национальной полиции Украины

Ресей президенті Владимир Путин Украинаға 15 мамырда Ыстамбұлда ұзақ мерзімді бейбітшілікке жету жолын және ықтимал атысты тоқтатуды талқылау үшін алдын ала талап қойылмаған келіссөздер өткізуді ұсынды. Ол сондай-ақ 12 мамырда Түркия президенті Ердоғанмен сөйлесуді және кездесулерді ұйымдастыруға одан көмек сұрауды жоспарлап отырғанын айтты. Путин Украинаның 12 мамырдан бастап атысты тоқтату туралы ұсынысына әлі түсініктеме берген жоқ. Ресей тарапы Украинаның реакциясын күтіп, келіссөздерге қатысушыларды кейінірек жариялайды. Бұл мәлімдеме CLRCUT Ютуб телеарнасында жарияланды.

АҚШ елшілігі 12-13 мамыр күндері Украина астанасы Киев қаласы Ресейдің баллистикалық зымырандары шабуылдауы мүмкін деп өз азаматтарын сақ болуға шақырды. Бұл сақтандыру Ресейдің баллистикалық зымырандары орналасқан Капустин Яр полигоны аймағында әуе кеңістігін осы күндері жабылатындығы туралы мәліметке сүйене отырып жасалды деп хабарлайды «Немецкая волна».

Ресей мен Украина арасындағы тікелей келіссөздер еш нәтиже бермейді деп мәлімдеді Трамптың бірінші президенттігі кезінде арнайы өкілі болған Курт Волкер «Радио Свободаға» берген сұхбатында. Ол «халықаралық күштердің қатысуынсыз бұл келісім еш нәтиже бермейді. Путин өтірік айтады, алдайды, бұрмалайды, оны бәрі көруі керек. Егер Украина мен Ресей бір бөлмеде отырса, Ресей шығып, Украинаны әр түрлі жала жауып, айыптайды», — деді.

Германияның Украинаға алыс қашықтықтағы 125 артиллериялық зымыран мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс үшін қолданылатын «Патриот» зениттік-зымырандық кешендері үшін 100 зымыранды беруіне АҚШ келісті деп хабарлады 10 мамыр күні  Конгресс өкіліне сілтеме жасаған New York Times газеті.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылы

1 наурыз Иран және шет елдік ақпарат құралдары Жоғарғы көсем аятолла Әли Хаменеидің шабуыл барысында қаза тапқанын растады. Сонымен...

Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады

Фото: AP / ТАСС 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады. Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац «Израиль мемлекеті өзіне...

АҚШ Иран мәселесін қалай шешпек?

фото reuters АҚШ-тағы саяси ахуал: Президент Трамптың саясатын халықтың қолдауы 38 пайызға дейін төмендеді. Осы жылдың 3 қарашасында Сенат пен...