Сыртқы істер министрі Сергей Лавров қыркүйек айының басында РФ СІМ МГИМО (У) студенттерімен сұрақ-жауап отырысында «аймақтан тыс ойыншылар санының артуы», соның ішінде Америка Құрама Штаттары да Орта дәліз деп аталатын сауда жолы– Азияны Орталық Азия арқылы Еуропамен байланыстыратын жолдың дамуына қызығушылық білдіріп отырғанын атап өтті. Бұл жол Ресейді айналып өтеді.
АҚШ-тың Орталық Азияның экономикалық болашағына деген қызығушылығының артуы Ресей үшін құптайтын жағдай емес, бірақ Лавров МГИМО-да сөйлеген сөзінде салмақты баға берді. Ол Ресейдің бірқатар келісімдер, соның ішінде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы арқылы экономикалық және стратегиялық тұрғыдан Ресеймен байланыстырылған Орталық Азия елдерімен «жылы және одақтастық» қарым-қатынастарды сақтап отырғанын атап өтті. Алайда министр Ресей Орталық Азия елдеріне «басқа серіктестерімен тереңірек байланыс орнатуға кедергі жасай алмайтынын» мойындады.
Сонымен бірге Лавров АҚШ шенеуніктерінің Орталық Азияға қызығушылығы көңілге қонымсыздау деп атады. «Орталық Азиядағы серіктестеріміз бен одақтастарымыз Батыспен қарым-қатынастарын кеңейтіп жатқандықтан, олардың игі және ашық мақсаттарын түсінеміз. Бірақ Батыс Ресей Федерациясының ықпалына нұқсан келтіруге тырысатынын да олар жақсы түсінетініне еш күмәнім жоқ — деп Лавров қисынсыз мәлімдеме жасамас алдын. Ол «неге Америка Құрама Штаттары кенеттен Ресейдің Никарагуамен қарым-қатынасына алаңдаушылық білдірді? Бұл негізсіз, жоқтан бар жасау. Олар Ресей бар жерде өздерінің жалған қорқыныштарын білдіру үшін кез келген сылтауды пайдаланады»-деді.
Ресейді тітіркендіріп отырған АҚШ-тың Орталық Азиямен байланысы аймақішілік сауда кедергілерін азайтатын және кедендік рәсімдерді жүйелейтін реформаларды ілгерілетуге атсалысуы. Бұл қарым-қатынас батыстық инвестицияны ынталандыратын B5+1 процесі арқылы жүзеге асады. Соңғы айларда Орталық Азия мемлекеттері сауданы реттеу үшін бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойды. Вашингтон сонымен қатар жекелеген мемлекеттерге инфрақұрылымын жаңғыртуға көмектесті. Мысалы, тамыз айында АҚШ шекаралық процедураларды тиімді ету үшін Қазақстан кеден қызметіне Dell Technologies Inc. серверлерін ұсынды. АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Дэниел Розенблюм осындай «инновациялық технологияларды енгізу процестерді оңтайландырады, дәлдікті арттырады, ашықтықты жақсартады және бизнеске қолайлы орта жасайды, инвесторларды көбірек тартады және экономикалық өсуді ынталандырады», — деді
Ресей-Украина соғысы Кремльдің Орталық Азия мемлекеттеріне өз мүддесін орындату үшін қысым жасау мүмкіндігін шектеді. Ресей қазір санкцияларды айналып өтіп, Украинадағы әскери операцияларын жалғастыру үшін қажетті тауарларды алу үшін Орталық Азия арқылы саудаға көп сүйенеді.
Лавров МГИМО-дағы мәлімдемесінде Қытайды «сенімді серіктес» деп атады. Аймақтағы сауда-саттық және дипломатиялық байланыстарды белсенді дамып келе жатқан елдердің барлығын тізіп айта отырып, ол Қытайды Орталық Азияда қалыптасып келе жатқан үлкен сауда ойынының ірі ойыншысы ретінде атап өтуді мүлде ұмытты. Қытай Орталық Азияны Ресейге қос мақсатты технологияларды тарту үшін пайдалануда. Ал кеңірек айтсақ, Қытай Орталық Азия мемлекеттерінің сауда серіктесі ретінде Ресейді басып озды.
https://eurasianet.org/russia-doesnt-like-growing-us-economic-role-in-central-asia-but-seems-powerless-to-stop-it
Ресейге АҚШ-тың Орталық Азия мемлекеттеріне ықпалының күшейгені ұнамайды
