Ресейдің сыртқы істер министрі С. Лавровтың «Коммерсант» газетіне берген сұхбатында және РФ Сыртқы барлау қызметінің басшысы С. Нарышкиннің Белоруссиядағы мәлімдемелерінің мақсаты — АҚШ пен Еуроодаққа жіберілген хабар деп есептеуге болады. Ресей Сыртқы барлау қызметінің директоры Сергей Нарышкин Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу үшін Украинаның ядролық емес және бейтарап ел болуы қажет деп мәлімдеді. Сонымен бірге ол Украина мына шараларды жүзеге асыру қажет:
-
-
- Кемсітушілік заңдардың күшін жою, яғни орыс тілін мемлекеттік тіл жасау
- Ресейдің егемендігі мен қазіргі аумақтық шекарасын мойындау, яғни басып алынған жерлерді беру.
- Украинаның демилитаризациясы және денацификациясы, яғни сайлау өткізу және ресейшіл топты билікке әкелу.
Нарышкиннің айтуынша, бұл шаралар Ресейдің стратегиялық мақсаттары болып табылады.
-
-
Фото: Дмитрий Азаров, Коммерсантъ
Ал енді С. Лавровтың сұхбатына келетін болсақ, ол осы айтылған мәселелердің мазмұнын ашып, мысалдармен толықтырды («украин ұлтшылдарының қанышерлігі») және ең бастысы, «Ресейді өкпелетуге болмайды және Украинаға байланысты келіссөз оңай шаруа емес» деген ойды жеткізді. Сонымен бірге ол жалпы Батысқа сенуге болмайды және Ресей санкцияларды алуға мүдделі емес деді. Оның айтуынша, санкциялар Ресейдің экономикасының дамуына оң әсер етіп отыр. Бұл сұхбатта С. Лавров Қазақстанның президенті Қ. Тоқаевтың 2022 жылы Путин қатысқан Петербург форумында мемлекеттердің территориялардың тұтастығы қағидасына ерекше көңіл бөліп, жасанды республикалардың (Луганск, Донецк) заңсыздығы туралы пікіріне келіспейтіндігін жеткізді. Оның ойынша, көп ұлтты мемлекеттерде тұратын халықтардың бірі орталық билікті мойындамаймыз десе, оның бөлініп кетуге еркі бар. Бұл ойдың Ресеймен көршілес елдер үшін өте қауіпті екені белгілі.
Сонымен Путиннің екі серігінің мәлімдемелері Трампқа бағытталған нақты жауап деп есептеуге болады, яғни ақпарат құралдарында кеңінен айтылып жүрген 20 сәуір Пасха күні ешқандай келіссөз болмайды деген сөз. Ендігі кезек Трампта….