Басты бетОрта АзияОңтүстік Кореядағы саяси...

Оңтүстік Кореядағы саяси дағдарыс елдің экономикасына кері әсер етуде Сеул = Yonhap News мәліметтері бойынша

3 желтоқсан күні Оңтүстік Корея президенті Юн әскери жағдай енгізгенін жариялады
Оңтүстік Корея парламентінің депутаттары әскерилердің кедергілеріне қарамастан жиналып, әскери жағдайдың енгізілуіне қарсы дауыс берді.
Билік партиясының басшылары да әскери жағдайдың енгізілуіне қарсы шықты
6 сағаттық әскери жағдайдан кейін Президент өз шешімінен бас тартты. Ол әскери жағдайдың енгізілуіне Парламентте көпшілік орын алған оппозициялық Демократиялық партияның елдің бюджетін бекітпеуі және 22 үкімет мүшесіне импичмент жариялауы себеп болғанын атап өтті.
Оппозициялық күштер Президентке импичмент жариялауға шақырды.
Парламент мәжілісінде импичмент мәселесі күн тәртібіне қойылғанда билік партиясы залдан шығып кетті.
Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі Ким Ён Хен қамауға алынды.
Президент Юн халықтан кешірім сұрады.
Парламенттегі көпшілік дауысқа ие Демократиялық партия «президентке импичмент болмайынша бюджет бекітілмейді» деп мәлімдеме жасады
Премьер-министрдің орынбасары әрі стратегия және қаржы министрі Чой Санг-Мок желтоқсанның 8-і күні парламентке үндеу тастады: Ол «Сізден 2025 жылға арналған бюджетті басынан дұрыс орындау үшін тез арада бекітуіңізді сұраймыз. Біз экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізе аламыз және сыртқы сенімді қамтамасыз етуге тиіспіз. Үкімет мұны қамтамасыз ету үшін Ұлттық ассамблеямен белсенді жұмыс істейді», — деп мәлімдеме жасады.

Оңтүстік Кореяда халықтың әскери жағдайға қарсы жаппай қарсы шығуының себебі бар. Оңтүстік Корея бұған дейін де бірнеше әскери диктатураны бастан өткерген еді.  Міне, олардың кейбіреулері:

Сингман Ридің билігі (1948-1960): Оңтүстік Кореяның бірінші президенті Сингман Ри елді авторитарлық әдістермен басқарды. Ол оппозицияны басып, азаматтық бостандықтарды шектеді.

1961 жылғы әскери төңкеріс: 1961 жылы 16 мамырда генерал Пак Чунг Хи бастаған офицерлер тобы Сингман Риүкіметін құлатып, әскери төңкеріс жасады. Пак Чон Хи елді басқарып, 1979 жылға дейін басқарды.

Пак Чон Хи билігі (1961-1979): Пак Чон Хи елді темір жұдырықпен басқарды. Ол оппозицияны басып, азаматтық бостандықтарды шектеді. 1972 жылы ол өзіне абсолюттік билік берген конституциялық тәртіп – Юшинь жүйесін енгізді.

Чун Ду-хванның билігі (1980-1988): 1979 жылы Пак Чон Хи өлтірілгеннен кейін генерал Чун Ду-хван билікті өз қолына алды. Ол елді авторитарлық әдістермен, оппозицияны басып, азаматтық бостандықтарды шектеп басқарды.

​Бұл әскери диктатуралар оппозицияны басып-жаншумен, азаматтық бостандықтарды шектеумен, сыбайлас жемқорлықпен және экономикалық қиындықтармен сипатталды. Бірақ олар елдің экономикалық дамуы мен жаңаруына да үлес қосты.

​Оңтүстік Кореяда демократияға көшу 1987 жылы «Демократиялық революция» басталған кезде болды. Сол уақыттан бері ел елеулі демократиялық реформалардан өтіп, Азиядағы ең тұрақты және гүлденген демократиялық мемлекеттердің біріне айналды.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Трамп Иранға шабуылдан бас тартты. Алайда әскери дайындық жалғасуда.

фото Эвелин Хокштейн/Рейтер AFP ақпарат агенттігі Сауд Арабиясының жоғары лауазымды шенеунігіне сілтеме жасай отырып, Сауд Арабиясы, Катар және Оман...

АҚШ шамамен 24 сағаттан кейін Иранға шабуыл жасауы мүмкін

фото © REUTERS  Stringe Рейтер. 14 қаңтар. Рейтер агенттігі Европалық және Израильдегі дереккөздерге сүйене отырып АҚШ 24 сағаттың ішінде Иранға шабуыл...

АҚШ Венесуэлаға шабуыл жасады. Мадуро тұтқындалды.

Фото: STR/AFP 3  қаңтар күні АҚШ әскерлері көрші Венесуэланың астанасы Каракасқа шабуыл жасап, заңсыз билікте деп саналған президент Мадуроны әйелімен тұтқындап,...