HomeӘлем жаңалықтары«Орталық Азия +Италия»...

«Орталық Азия +Италия» саммиті

Фото Акорда
Еуроодақтың дамыған елдері Орталық Азияға көңіл аудара бастады. Оның басты себебі -қазба байлықтар және геосаясат. Уақытында Кеңестер Одағының құрамында болған,  кейін Ресейдің мүддесі бар аймақ ретінде танылған Орталық Азия мемлекеттері тәуелсіздік жылдары екі бағытпен дами бастады. Ресейдің саяси ықпалын мойындаған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан Еуразиялық экономикалық одаққа және Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына (әскери одақ)  мүше болды. Ал Өзбекстан бастапқыда Грузия мен Украина ұйымдастырған Ресей ықпалынан шығуға талпынған елдердің ГУУАМ үйымына мүше болды, кейіннен бұл ұйымнан шықты. Бұл ұйымды Ресей ыдыратуға көп күш салды және ыдыратты деп айтуға болады. Қазіргі кезеңде Ресей Өзбекстанды Еуразиялық Одаққа кіргізуге көп күш салуда. Ал Түркіменстан ешқандай одақтарға қосылмау саясатын жариялап, тұрақты нейтралитет ұстанып келеді. Алайда уақытында Ресей Түркімен газын сатуда Ресей делдалдық жасап, көп пайда тапты.
2025 жылы Орталық Азия алаңында жаңа ойыншы пайда болды. Ол Еуроодақ. Сәуір айында Самарқанда өткен «Орталық Азия +» саммиті жаңа кезеңді бастады.
Еуроодақ Орталық Азия елдеріне 12 миллиард доллар инвестиция салуға ниет білдірді. Осы тенденцияны жалғастырып, Еуроодақтың ықпалды елдерінің бірі -Италия 30 мамыр күні Астанада «Орталық Азия+Италия» саммитіне қатысты.
Итальяндық «La Stampa» газеті «Қатынас орнату  және диалогқа түсу қабілеті итальяндық ДНК-да бар, ол бізге тарихтағы ең атақты итальяндықтардың бірі -Марко Полодан мұра болып қалды, ол талай ғасыр бұрын, сол кезде белгілі әлемнің ең алыс шетіне жету үшін осы жерлерді кесіп өтті», — деген Премьер-министр Джорджия Мелонидің Астана халықаралық форумында сөйлеген сөзін газеттің басты тақырыбы ретінде берген. Премьер -министр  «бүгінгі мерекені сипаттайтын бұдан артық символ жоқ: ынтымақтастық, көзқарас, жауапкершілік, сонымен қатар көкжиектен тыс қарау, білім алу, басқаларды, олардың құндылығын, әлеуетін құрметтеу және кішіпейілділікпен түсіну», — деп саммиттің басты мақсатын ерекше атап өтті.
Джорджия Мелони 29 мамыр күні Өзбекстанға ресми сапармен барды. «La Stampa» осы сапар туралы «Мелонидің Орталық Азияға алғашқы сапары: газ, мұнай, сирек кездесетін металлдар, Қытай мен Ресейдің ортасында» деген мақала жариялап, премьер-министрдің негізгі мақсаттарын жариялады.
Джорджия Мелони — итальяндық саясаткер, « Италияның бауырлары» партиясының өкілі. Ол 1977 жылы 15 қаңтарда Римде дүниеге келген, Рим университетінің заң факультетін бітірген.
Мелони саясатта 2006 жылдан бері парламентте қызмет етіп, түрлі қызметтер атқарған. 2018 жылы ол «Италия бауырлары» партиясының көшбасшысы болды. 2022 жылдың қазанында ол партиясы жеңіске жеткеннен кейін Италияның премьер-министрі болып сайланды, Мелони ел тарихындағы бұл лауазымды атқарған алғашқы әйел. Оның саясаты егемендік пен дәстүрлі құндылықтарға баса назар аудара отырып,  ұлтшылдық көзқарастарға бағытталған.
Оның үкіметі қатаңырақ көші-қон саясатын, мемлекеттік шығындарды азайтуды және дәстүрлі отбасы құндылықтарын қолдауды жақтайды.
Джорджия Мелони жеке өмірі өте жабық. Ол көп уақытын жұмысқа арнайтынын және жеке істері туралы мәліметтерді жариялауды ұнатпайтынын айтып жүр.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Израиль-Иран соғысы қашан аяқталады?

Фото Би-би-си сайтынан алынды Біз өткен жолы жариялаған мақаламызда Израиль-Иран соғысы ұзаққа созылмайды деп болжам жасаған едік. Қазіргі жағдайда  соғыстың...

Израиль -Иран қақтығысы: соңғы жаңалықтар

Иран зымырандары талқандаған Израиль тұрғын үйі Натаньяху Иранның ядролық қару жасау бағдарламасын біраз жылдарға артқа шегердік, ендігі мақсат баллистикалық...

Израиль- Иран :Таңғы жаңалықтар

фото Reuters Израиль премьер-министрі Натаньяху Иран азаматтарын билікке қарсы шығуға шақырды 1979 жылы төңкерістің нәтижесінде биліктен кеткен шах Пехлевидің...