Басты бетАҚШНеміс саясаткерлері Трамптан...

Неміс саясаткерлері Трамптан кеңесшісін тәртіпке шақыруды талап етуде

Германияның «Немецкая волна» халықаралық хабар таратушы ұйымы өзінің сайтында  және Шпигель журналы америкалық миллиардер, АҚШ-тың болашақ президенті Дональд Трамптың кеңесшісі Илон Масктың соңғы мәлімдемелері Германияда үлкен дау тудырғаны туралы мәлімет жариялады.  Германияның социал-демократиялық партиясының (SPD) парламенттік тобының жетекшісі Рольф Мютцених Федералдық президент Франк-Вальтер Штайнмайерді және канцлер Олаф Шольцті қорлайтын жазбаларынан кейін Илон Маск «достық мемлекеттер арасындағы шекарадан өтіп кетті» деп айыптады.

 Наразылық тудырған сөздер

X платформасы арқылы неміс саясатына белсенді түрде түсініктеме беретін Маск жаңа жыл қарсаңында «Штайнмайер – демократияға қарсы тиран» деп жазды. Бұл сөздер назардан тыс қалмады және Мютцених мұндай шабуылдар тек президентке ғана емес, барлық неміс азаматтарына қарсы бағытталғанын баса айтты. Ол сондай-ақ Маск елдегі соңғы саяси дағдарыстан кейін канцлер Олаф Шольцты кемсітіп жазған жазбалары үшін сынады. Германияда «Светофор» деп аталған коалициялық үкімет ыдырағаннан кейін Маск канцлер Олаф Шольц туралы «Олаф — ақымақ» деп жазды. Ал жаңа жыл қарсаңында Магдебургтағы жәрмеңкеге шабуылдан кейін Шольц туралы «құзіреттілігі төмен ақымақ», биліктен кетуі керек» деп жазды.

Саяси контекст

Бұл жанжалдың  саяси астары  мынада—Илон  Маск жай миллиардер емес, ол қаңтар айының соңында қызметке кірісетін АҚШ-тың жаңа президентінің арнайы өкілі болып табылады. Мютцених федералды үкіметті жаңа американдық көшбасшы неміс саяси қайраткерлеріне мұндай қорлау мен кемсітуді қолдайтын-қолдамайтынын туралы нақты позициясын анықтауға шақырды.

Жауапкершілікке шақыру

Мютцених сонымен қатар Еркін Демократиялық партияның (FDP) жетекшісі Кристиан Линднерді Масктың саясатын мақтағаны үшін сынады және партияны «күмәнді кәсіпкер мен саяси кеңесшіге ұнамды болу үшін жалтақтауды» тоқтатуға шақырды. Ол халықаралық мәселелер Германия мен АҚШ арасындағы еркін және құрметті қарым-қатынасты қажет ететінін атап өтті.

Илон Маск жазбаларына қатысты жағдай неміс-американ қатынастарындағы шиеленістің артқанын көрсетеді. Мютцених сияқты көптеген саясаткерлердің мәлімдемелері халықаралық істерде дипломатиялық этиканы сақтаудың маңыздылығын көрсетеді. Американың жаңа басшылығының ұстанымдарының айқындау қажеттілігі де осындай жанжалдар аясында өзекті болып отыр.

Ал енді Германияның социал-демократиялық партиясының тең төрағасы  Клингбейл Илон Маск пен Путинді салыстырды. Ол технологиялық миллиардер Илон Маск пен Ресей президенті Владимир Путиннің ойлары бір,  екеуі де «Германияны хаос жайлағанын көргісі келеді» деп мәлімдеді. ГСДП  көшбасшысы  X платформасының (Твиттердің) ықпалын шектеуді талап етті. Клингбейл онлайн платформаларға соғыс жариялады. Клингбейл «біз әлдеқайда агрессивті болуымыз керек және Масктың  X қысқа хабарлама қызметі сияқты үлкен интернет-платформалардың қуатын тиімді шектеуіміз керек», — деп мәлімдеді. Ол Илон Маск өз платформасын пайдаланып «әлемдік саясаттың барысына ықпал ету үшін өзінің ықпалын етуге тырысады» деп жазды.

 

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Трамп Иранға шабуылдан бас тартты. Алайда әскери дайындық жалғасуда.

фото Эвелин Хокштейн/Рейтер AFP ақпарат агенттігі Сауд Арабиясының жоғары лауазымды шенеунігіне сілтеме жасай отырып, Сауд Арабиясы, Катар және Оман...

АҚШ шамамен 24 сағаттан кейін Иранға шабуыл жасауы мүмкін

фото © REUTERS  Stringe Рейтер. 14 қаңтар. Рейтер агенттігі Европалық және Израильдегі дереккөздерге сүйене отырып АҚШ 24 сағаттың ішінде Иранға шабуыл...

АҚШ Венесуэлаға шабуыл жасады. Мадуро тұтқындалды.

Фото: STR/AFP 3  қаңтар күні АҚШ әскерлері көрші Венесуэланың астанасы Каракасқа шабуыл жасап, заңсыз билікте деп саналған президент Мадуроны әйелімен тұтқындап,...