Басты бетСоңғы жаңалықтарНАТО генералдары қазіргі...

НАТО генералдары қазіргі саяси жағдай туралы

Францияның «Le Figaro» газеті француз генералы Пьер Шильдің әлемдегі шиеленісті жағдайға байланысты пікірін жариялады. Құрылықтағы француз армиясы штабының бастығы генерал Пьер Шиль бейсенбі күні Әскери мектепте сөйлеген сөзінде  «Қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан бері «біз қалыптастырған» әлем «теңселуде», — деді. «Жағдайдың тұрақсыздығын байыпты талдау қажет», — деп ол армияны барлық сценарийлерге дайын болуға шақырды. Ертең Украинаға немесе Ливанға ұсынылатын қауіпсіздік кепілдіктерінде біздің рөліміз қандай болатынын кім біледі? -деп генерал әлі де дағдарыстың бұдан да әрі өршуін асқындырмауға болатынына  сенгісі келеді. Ол «біз оқиғалардың барысын өзгертуге қабілеттіміз» деді.

Немістің Süddeutsche Zeitung және Швейцарияның неміс тілінде шығатын  Tages-Anzeiger газеті НАТО әскерлері қолбасшысының орынбасары, бавариялық генерал Кристиан Бадианың сұхбатын жариялады. Генерал қазіргі саяси жағдайға мынадай сипаттама жасаған: «Ресеймен қақтығыс тек қырғи-қабақ соғыс 2.0 емес. «Біз жаңа әлемдік тәртіп туралы айтып отырмыз», — дейді Бадиа. Мәскеудің көзқарасы бойынша, Украинадағы соғыс тұтастың бір бөлігі ғана. Ресей спутниктерді, кибер мүмкіндіктерін және гипер дыбыстық қаруларды жасау сияқты көптеген бірлескен іс-шараларға қатысып, Қытай, Солтүстік Корея және Иранмен фаланга құрды. Бұл фаланга Бразилия, Үндістан және Оңтүстік Африка сияқты елдермен бірге Батыстың үстемдігіне қарсы тұр. Қырғи қабақ соғыс кезінде Вашингтондағы Ақ үй мен Мәскеудегі Кремль арасындағы дағдарыстық келіссөздер үшін қызыл телефон  болған еді. Бұл енді жоқ. «Шиеленісті қажетсіз өршіту қаупі бірнеше есе жоғары» деп әлемдегі жағдайдың бақылаусыз дамуына барлық жағдай пісіп-жетілгеніне генерал ерекше мән берді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Трамп Иранға шабуылдан бас тартты. Алайда әскери дайындық жалғасуда.

фото Эвелин Хокштейн/Рейтер AFP ақпарат агенттігі Сауд Арабиясының жоғары лауазымды шенеунігіне сілтеме жасай отырып, Сауд Арабиясы, Катар және Оман...

АҚШ шамамен 24 сағаттан кейін Иранға шабуыл жасауы мүмкін

фото © REUTERS  Stringe Рейтер. 14 қаңтар. Рейтер агенттігі Европалық және Израильдегі дереккөздерге сүйене отырып АҚШ 24 сағаттың ішінде Иранға шабуыл...

АҚШ Венесуэлаға шабуыл жасады. Мадуро тұтқындалды.

Фото: STR/AFP 3  қаңтар күні АҚШ әскерлері көрші Венесуэланың астанасы Каракасқа шабуыл жасап, заңсыз билікте деп саналған президент Мадуроны әйелімен тұтқындап,...