Басты бетАҚШМәскеудегі АҚШ- Ресей...

Мәскеудегі АҚШ- Ресей келіссөздері нәтижесіз аяқталды

Фото Alexander Kazakov/Russian Presidential Press and Information Office/TASS

3 желтоқсан күні президент Владимир Путин мен Дональд Трамптың жоғары лауазымды өкілдері арасындағы Кремльде бес сағаттық кездесуден кейін Ресей мен Америка Құрама Штаттары Украинадағы соғысты тоқтату туралы бейбіт келісімге қол жеткізу мүмкін еместігін мәлімдеді деп хабарлайды Рейтер (Reuters) агенттігі.

Трамп Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі Еуропадағы ең қауіпті қақтығысты тоқтату оның президенттігінің сыртқы саяси мақсаттарының бірі болғанына бірнеше рет мәлімдеді. Әзірше оның түрлі жоспарлары жүзеге аспай жатыр. Осыған орай ол Ресей президенті Путинді де, Украина президенті Владимир Зеленскийді де бірнеше рет сынға алды.

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Кремльдегі келіссөздерден кейін баспасөзге берген сұхбатында «Мәскеу Трамптың Украинадағы келісімге қатысты бастапқы 28 тармақтан тұратын жоспарынан басқа тағы төрт құжат алды» деп мәлімдеді. Ол туралы РБК басылымы хабарлады.

Ол бұл құжаттардың мәнін аша алмайтынын, бірақ оның айтуынша, олардың барлығы Украинадағы дағдарысты ұзақ мерзімді бейбіт жолмен шешуге қатысты екенін түсіндірді.

«Әрине, біз американдық әріптестерімізбен сол жобалардың мазмұнын, американдықтар біраз уақыт бұрын Мәскеуге ұсынған құжаттарды талқыладық. Біз бұл құжаттарды қарап шықтық және нақты тұжырымдамаларды немесе нақты ұсыныстарды талқылаудың орнына, осы американдық құжаттарда не жазылғанын талқыладық», — деді Ушаков (РИА Новости).

Ең бастысы, Ресей президенті Путин екі жақты кездесу басталар алдында баспасөзге берген сұхбатында Европаға байланысты қатаң мәлімдеме жасады. Ол «Европа соғыс бастағысы келсе біз қазір дайынбыз» деп мәлімдеді. Бұл Трамп жоспарына Еуроодақ ұсыныстарының енгенін және дәл осы баптар Путиннің ызасын келтіргенін көрсетеді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Трамп Иранға шабуылдан бас тартты. Алайда әскери дайындық жалғасуда.

фото Эвелин Хокштейн/Рейтер AFP ақпарат агенттігі Сауд Арабиясының жоғары лауазымды шенеунігіне сілтеме жасай отырып, Сауд Арабиясы, Катар және Оман...

АҚШ шамамен 24 сағаттан кейін Иранға шабуыл жасауы мүмкін

фото © REUTERS  Stringe Рейтер. 14 қаңтар. Рейтер агенттігі Европалық және Израильдегі дереккөздерге сүйене отырып АҚШ 24 сағаттың ішінде Иранға шабуыл...

АҚШ Венесуэлаға шабуыл жасады. Мадуро тұтқындалды.

Фото: STR/AFP 3  қаңтар күні АҚШ әскерлері көрші Венесуэланың астанасы Каракасқа шабуыл жасап, заңсыз билікте деп саналған президент Мадуроны әйелімен тұтқындап,...