HomeЭкономикаМемлекет басшысы Қазақстан...

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы бірлескен жұмыстың 5 бағытын атады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Синьхуа ақпарат агенттігіне берген сұхбатында екі елдің арасындағы жұмыстың 5 бағытын атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

«Табысты екіжақты ынтымақтастықтың 32 жыл бойы қуатты негізін қалағанымызды ескере отырып, Қазақстан тату көршілік қарым-қатынасты одан ары нығайту, алыс-берісті жандандыру және практикалық өзара іс-қимылды тереңдету үшін бар күш-жігерін салуға дайын. Сондықтан да осынау кезеңде бірлескен жұмыстың 5 бағыты аса маңызды.

Инвестициялық саладағы ынтымақтастықты тереңдету. Ауыл шаруашылығы, жаңа энергетика, машина жасау сынды салаларға ерекше назар аударған жөн. Сонымен қатар индустриаландыру мен қосылған құны жоғары өнім өндірісіне де жұмылу қажет.

Сауда құрылымын әртараптандыру мен тауарлар атауларын арттыруды қоса алғанда елдеріміз арасындағы тауар айналымын арттыру. Заманауи құралдарды, оның ішінде электронды коммерция мен электронды сауда алаңдарын пайдалану керек», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жыл «Бір белдеу, бір жол» жаһандық бастамасын одан әрі ілгерілету үшін маңызды жыл саналатынын атап өтті.

«Ол бастамалардың кезекті 10 жылдығы санағымен ерекше. Біз үшін осынау мега бастаманың негізгі әлі бұлжымас қатысушысы, сондай-ақ сенімді еуразиялық көлік хабы және «Бір белдеу, бір жолдың» орталық логистикалық торабы ретінде Қазақстанның рөлін күшейту аса маңызды. Бұл ретте біздің назарымыз Ляньюньган портының, Сиан қаласындағы құрғақ порттың және «Қорғас – Шығыс Қақпа» АЭА-ның мүмкіншілігін белсенді пайдалануға баса назар аударылады.

Екі елдің көлік ынтымақтастығын кеңейту. Бүгінде «Достық-Мойынты» темір жол учаскесінің екінші жолын салу жалғасып жатыр. Мұнан бөлек, біздің ортақ шекарамызда үшінші темір жол өткізу пунктін салуды бастау межеленген. 

Мәдени-гуманитарлық саладағы көпқырлы өзара іс-қимылды жандандыру. Визасыз режим орнату, өзара мәдени орталықтарын, «Лу Бань шеберханасын», ЖОО филиалдарын ашу, сонымен қатар әуе рейстерін ұлғайту бойынша тұрақты жұмыс халықтарымыз арасындағы өзара түсіністік пен достықты одан ары нығайту жолындағы маңызды қадам болмақ. Елдеріміз Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастың жаңа «алтын 30 жылдығы» аясында бізді жарқын болашақ жолында біріктіретін үлкен жетістіктер мен жеңістер күтіп тұр деп сеніммен айтуға болады», – деді Президент.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Израиль-Иран соғысы қашан аяқталады?

Фото Би-би-си сайтынан алынды Біз өткен жолы жариялаған мақаламызда Израиль-Иран соғысы ұзаққа созылмайды деп болжам жасаған едік. Қазіргі жағдайда  соғыстың...

Израиль -Иран қақтығысы: соңғы жаңалықтар

Иран зымырандары талқандаған Израиль тұрғын үйі Натаньяху Иранның ядролық қару жасау бағдарламасын біраз жылдарға артқа шегердік, ендігі мақсат баллистикалық...

Израиль- Иран :Таңғы жаңалықтар

фото Reuters Израиль премьер-министрі Натаньяху Иран азаматтарын билікке қарсы шығуға шақырды 1979 жылы төңкерістің нәтижесінде биліктен кеткен шах Пехлевидің...