Басты бетЖаңалықтарМакронның мәлімдемесі

Макронның мәлімдемесі

Фото: Celal Gunes/Anadolu/picture alliance

5 наурыз күні, Еуроодақ елдерінің саммиті қарсаңында Франция президенті Э.Макрон саяси жағдайға байланысты халыққа жолдауын жариялады.
Ол Ресейдің Украинадағы соғысы «жаһандық қақтығысқа» ұласып, Еуропаның қауіпсіздігіне қауіп төндіре бастады» -деп мәлімдеді.. Макрон, қарулы күштердің бас қолбасшысы ретінде еуропалық одақтастарын ядролық қарумен қорғау мүмкіндігін қарастыратынын мәлімдеді. Франция президенті Эммануэль Макрон Украинада соғыс жүргізіп жатқан Ресейдің бүкіл Еуропаға қауіп төндіріп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, Ресей Солтүстік Корея сарбаздары мен ирандық қаруды пайдаланып, Украинадағы соғысты жаһандық қақтығысқа айналдырды, сонымен қатар өзінің әскери әлеуетін арттыруда. Макрон Ресейдің Украинамен шектелетініне күмән келтіріп, оның Франция мен бүкіл Еуропаға қауіп төндіріп тұрғанын атап өтті.

Ол сондай-ақ Американың қолдауы жалғасады деген үмітіне қарамастан, Еуропаның АҚШ-тың қолдау көрсетуі тоқтаған жағдайға дайын болуы қажеттігін атап өтті. Макрон президент Трамп тұсында Ресей мен АҚШ-тың жақындасуын «жаңа дәуірдің» басы деп атады.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылы

1 наурыз Иран және шет елдік ақпарат құралдары Жоғарғы көсем аятолла Әли Хаменеидің шабуыл барысында қаза тапқанын растады. Сонымен...

Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады

Фото: AP / ТАСС 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады. Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац «Израиль мемлекеті өзіне...

АҚШ Иран мәселесін қалай шешпек?

фото reuters АҚШ-тағы саяси ахуал: Президент Трамптың саясатын халықтың қолдауы 38 пайызға дейін төмендеді. Осы жылдың 3 қарашасында Сенат пен...