HomeӘлем жаңалықтарыИзраильдің Газа мен...

Израильдің Газа мен Ливандағы әскери операциясы

Өткен жылы 7 қазандағы палестинаның әскериленген «Хамас» тобының Израильше басып кіруінің нәтижесінде 1200-дей адам қаза тауып, 242 адам тұткынға алынған болатын. 2024 жылы осы оқиғаның бір жылдығына орай Израиль Газа секторына және» Хамас» тобына және оған көмектескен Ливандағы әскериленген «Хезбалла» тобына қарсы жою операциясын бастады. «Хамас» пен «Хезбалланың», әсіресе соңғысының, бүкіл басшылығы зымырандармен және ұшқышсыз ұшақтармен жойылды.
Осы әскери операцияға байланысты соңғы жаңалықтар:
Хезболла Израиль атысты тоқтауға келіспесе, одан да көп «ауыртпалық» көретінін ескертті, деп хабарлайды sky news. Hezbollah warns Israel will suffer more ‘pain’ unless it agrees to ceasefire | World News | Sky News 15.10.2024 ж.
Хезболла жетекшісінің орынбасары Израильге атысты тоқтату келісіміне келмейінше, шабуылдардан зардап шегетіндігін ескертті.
Наим Қасем бұл топтың өткен аптада Израильге «ауырсыну» сезімін тудыруға бағытталған жаңа стартегия қабылдағанын және Ливан мен Газа секторындағы шайқастарды тоқтату туралы келісімге қол жеткізілмесе, оны жалғастыратынын айтты.
Наим Қасем «Шешім – атысты тоқтату. Біз әлсіздік позициясынан сөйлеп жатқан жоқпыз, егер израильдіктер мұны қаламаса,біз жалғастырамыз», деді.

«Бейрут Израильдің жаңа әуе шабуылдарынан зардап шекті», деп хабарлайды BBC ньюс Beirut rocked by fresh Israeli air strikes 19.10.2024
Израиль сенбі күні Бейрутке кем дегенде ондаған әуе шабуылын жасады, бұл Ливан астанасы соңғы бір аптада куә болған ең ауыр шабуыл болды.
Хезболланың негізгі базасы орналасқан қаланың оңтүстік шетінде ауқымы үлкен түтіннің көтерілгені байқалды.
Келген зақымдар мен зардап шеккендер әлі анықталуда, дегенмен, кем дегенде бір көп қабатты үй толығымен қираған.
Израиль әскері Хезболланың қару-жарақ қоймалары мен Дахие қаласындағы барлау штабының басқару орталығын нысанаға алғандарын хабарлады.
Сондай-ақ, сенбі күні Хезболла Израильдің Хайфа қаласы мен оның солтүстігіндегі аудандарды зымыранмен атқылағанын хабарлады. Израильдік дәрігерлердің хабарлауынша жарылыстан бір адам қаза тапқан.
Бейрут үш күн тыныштықтан кейін, оңтүстік шеткі ауданы сенбі күні Израиль әуе соққыларының дыбысымен тағы да бір сілкінді.
Дегенмен, бір сағаттың ішінде Израиль Қорғаныс Күштері аймақтағы бірнеше аудан тұрғындарына үш рет жедел эвакуация туралы ескерту жасады.
Израиль күштері Бейруттен тыс жерлерді де нысанаға алуды жалғастырды.
Қаланың солтүстігінде бір ерлі-зайыптылар күдікті израильдік дронды байқап, қашпақ болған. Ливанның мемлекеттік Ұлттық Ақпарат агенттігі хабарлағандай, олар көліктерін тас жолдың жиегіне тоқтатып, ағаштардың арасына жүгірген. Бірақ зымыран соққысынан қаза тапқан.
Сонымен қатар, Ливандағы Израильдің шығысындағы Бекаа алқабындағы шабуылынан бес адам, соның ішінде жергілікті әкім де қаза тапқан.
Хезболла мен Израиль арасындағы бұрын-соңды болмаған шекаралық шайқас 2023 жылдың қазан айында – Ливандық содырлар тобы Газадағы Хамаспен ынтымақтаса отырып, Израиль позицияларына оқ жаудырған кезде күшейді.
АҚШ Президенті Джо Байден Израиь Хезболла содырларымен соғысып жатқан Ливанда «атысты тоқтату жолында әрекет жасауға мүмкіндік бар», бірақ бұл «Газада қиынырақ болады» деді.
Газадағы соғыс Хамастың 2023 жылы 7 қазанда Израильге жасаған шабуылынан кейін басталды, шамамен 1200 адам қаза тапты, 251 адам Газаға кепілге алынды.
Израиль жауап ретінде Хамасты жоюға уәде берді. Содан бері Хамас басқаратын денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша Газада кем дегенде 42 500 адам қаза тапқан.

Яхья Синвар өлтірілгеннен кейін Хамасты кім басқарады? Who will lead Hamas after killing of Yahya Sinwar? 19.10.2024 ж.
Хамастың екі шенеунігі бейсенбі күні өлтірілген топ жетекшісі Яхья Синвардың ізбасарын таңдау туралы талқылаудың жақын арада басталатындығын айтты, деп хабарлайды BBC ньюс.
Шенеуніктердің айтуынша, Синвардың орынбасары және Газадан тыс топтың ең жоғарғы лауазымды шенеунігі Халил әл-Хайя мықты үміткер болып табылады.
Катарда тұратын әл-Хайя қазіргі уақытта топ пен Израиль арасындағы атысты тоқтату туралы келіссөздер жүргізу үшін Хамас делегациясын басқарып жатыр. Ол Газа секторындағы жағдайды терең біледі, және біршама түсінігі бар.
Хамас Израиль әскерлерінің Газадан толық шығарылуын, шайқастардың тоқтатылуын, гуманитарлық көмектің жеткізілуін және соғыстан қираған аумақтардың қалпына келтіруді талап етуді жалғастыруда – бұл шарттарды Израиль үзілді-кесілді қабылдамай, Хамастың берілуін талап етіп отыр.
Синвардың өлтірілуі ұйым үшін ондаған жылдардағы айтарлықтай шығындардың бірі болды. Дегенмен, оны ауыстырудың қиындықтарына қарамастан, Хамастың 1990 жылдардан бері үнемі көшбасшылықты ауыстырудан тәжірибесі бар.
Израиль Хамас жетекшілері мен негізін қалаушылардың көпшілігін өлтіре алғанымен, ұйым жаңа көшбасшыларды табу қабілетімен төзімділіктерін дәлелдеп келе жатқандай.
Осы дағдарыс кезінде Газада тұтқынға алынған израильдіктердің тағдыры мен олардың қауіпсіздігінің қорғалуына кім жауапты болады деген сұрақтар толастамай тұр.
Сонымен қатар, бұл тұста Яхья Синвардың ағасы Мұхаммед Синвар да басты тұлға саналады. Ол қалған қарулы Хамас фракцияларын басқарады және Газадағы қозғалыстың болашағын қалыптастыруда шешуші рөл атқара алады деп саналады.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Үндістан 24-36 сағаттан кейін Пәкістанға шабуыл жасауы мүмкін

фото https://oxu.az/ сайтынан алынды Пәкістанның ақпарат министрі А. Тарар Пәкістанның барлау қызметіне сілтеме жасай отырып, Үндістанның жақын арада, мүмкін алдағы...

Канада АҚШ-қа берілмейтінін мәлімдеді

фото Блэр Гейбл/Рейтер CNN   29 сәуір Канаданың жаңадан сайланған премьер-министрі Марк Карни Канаданың АҚШ-қа ешқашан берілмейтіні туралы мәлімдеме жасады. Ол 28...

Зеленский Қырымды беруден бас тартты

Фото: EPA Сәрсенбі күні Лондонда өтуге тиіс келіссөздерге АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубио бармайтын болды. Басты себеп- 22 сәуір күні...