Euronews Еуропарламент депутаты, Франциядағы солшылдардың орталық қанатының өкілі Рафаэль Глюксманның мәлімдемесін жариялады. Ол Америкаға Бостандық мүсінін бергеннен кейін шамамен 140 жыл өткен соң, «жасыл ханымның» үйіне оралатын уақыты келді деп мәлімдеді.
АҚШ енді Парижді сыйлық жасауға итермелеген құндылықтарды сақтамайтындығына ерекше көңіл бөле отырып, депутат мүсінді қайтару қажеттігін былай деп түсіндірді: «Біз тирандардың жағын таңдаған американдықтарға, ғылыми бостандық талап еткені үшін зерттеушілерді жұмыстан шығарған американдықтарға: «Бізге Бостандық мүсінін қайтарыңыз» деп айтамыз», — деді. Глюксманн «Біз оны сізге бердік, бірақ сіз оны менсінбейтін сияқтысыз. Сондықтан біздің үйде оған барлық жағдай жасалады»- деп мәлімдеді.
Рафаэль Глюксман AP Photo
Биіктігі 46 метрлік мыс мүсін 1880 жылы Құрама Штаттар министріне тапсырылды, ал 1886 жылы Нью-Йорктегі Либерти аралына АҚШ тәуелсіздігінің 100 жылдығына арналып қойылды. Бір кездері жақын маңдағы Эллис аралында Америка Құрама Штаттарына кіруді күткен миллиондаған иммигранттар үшін ол жақсы өмірге деген үміттің символы еді жазды осы мәселеге байланысты AFP.
Бостандық мүсіні (бастапқыда «Әлемді нұрландыратын бостандық» деп аталады) француз саясаткері Эдуард де Лабуле ойлап тапқан және оны француз суретшісі және мүсінші Огюст Бартолди (1834-1904) жасаған.
Тұғырдың төменгі қабатындағы қола тақтада Эмма Лазардың «Жаңа Колосс» поэмасынан үзінді ойып жазылған. Оның екінші жартысы — және ең көп цитата келтірілген үзінді мынадай:
Көне елдер, аңызға айналған сәніңді сақта,
Ал маған шаршаған, кедейіңді жібер,
Шарасыз, түбі жоқ тереңдерден бер
Өздерің қудалаған, таяқтан көз ашпаған халқыңды бер,
Маған шеттетілгендерді, үйсіздерді жібер,
Мен оларға алтын есік алдында сәуле шашамын…» /орысшаға аударған Владимир Лазарь/
Осы мәлімдемеге Ақ үйдің баспасөз хатшысы былай деп жауап берді: «Мүсін қайтарылмайды, біз болмағанда қазір француздар немісше сөйлеп жүрер еді»