фото euronews.com
3-4 сәуір күндері Өзбекстанның мәдени және тарихи орталығы Самарқанд қаласында Еуроодақ-Орталық Азия саммиті өтті. Бұл Орталық Азия елдерінің «Европаға ашқан терезесі емес дәлізі» болды. Тарихи саммитте Еуропа мен Орталық Азия ынтымақтастығын стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеру туралы шешім қабылдады. Тұрақсыз әлемде олардың таңдаулы серіктестер екендігі және бір-біріне сене алатындығы туралы нақты белгі берілді.
Осы жаңа дәуірді бастау үшін €12 миллиард Global Gateway (Ғаламдық қақпа) инвестициялық пакеті іске қосылып жатыр. Пакет көлік байланыстарын нығайту және маңызды шикізат, цифрлық байланыс, су және энергия салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету үшін пайдаланылады.
Еурокомиссия басшысы бұл инвестициялардың өзара тиімділік әкелетінін атап өтті, өйткені серіктестердің дамуы Еуропаның өзінің гүлденуіне ықпал етеді.
Самарқанд саммиті тыңғылықты дайындалды. Наурыз айында Ашхабадта сыртқы істер министрлерінің кездесуі болып, көптеген өзекті мәселелер талқыланды. Келіссөздер барысында мынадай салалар бойынша маңызды келісім-шарттар жасалды.
Транспорт және логистика бойынша. Қытай, Қазақстан, Каспий теңізі, Әзірбайжан, Грузия және Еуропа елдерін байланыстыратын 2013 жылы қалыптасқан халықаралық логистикалық бағыт – Транскаспий көлік дәлізін (ТКДК) дамыту басым міндеттердің бірі деп шешілді. 13 наурызда Астанада Еуропалық инвестициялық банк (ЕИБ) мен Қазақстанның Даму банкі іргелі несиелік келісімге қол қойды, оның аясында ЕИБ жобаға 200 миллион еуро бөледі. Еуропа, ЕО сыртқы істер комиссары Кая Калластың айтуынша, Транскаспий көлік дәлізін дамытуағ 10 миллиард еуродан астам инвестиция салуға дайын.
Түркіменстанда халықаралық әріптестік бойынша ЕО комиссары И.Сикела Транскаспи дәлізінің негізгі пункттерінің бірі болып табылатын Түркіменбашы халықаралық теңіз портында болып, Еуропалық Одақ оның инфрақұрылымын жаңғыртуға дайын екенін айтты.
И.Сикела сапары барысында су, энергетика және климат салаларында ЕО мен Орталық Азия үш маңызды келісімге қол жеткізді.
- Тәжікстандағы электр желісін жаңғырту: ЕО 20 миллион еуро грант бөледі және Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) жаңартылатын энергия жобалары үшін 30,1 миллион еуро несие береді.
- Жасыл энергияға көшуге қолдау көрсету: Тәжікстан мақта құнының тізбегін құру үшін ЕО-дан 16,6 миллион еуро және Германиядан 1,5 миллион еуро көлемінде грант алады.
- Қырғызстандағы суды үнемдейтін технологиялар: Қырғызстан ауыл шаруашылығына суды үнемдейтін технологиялар мен инновацияларды енгізу үшін 15 миллион еуро грант, сондай-ақ ЕҚДБ 42 миллион еуро несие және 6 миллион еуро грант алады.
Цифрлық коммуникациялар және инновациялар саласында цифрлық теңсіздікті азайтуға, экономикалық өсуді, киберқауіпсіздікті қолдауға және Орталық Азияда жаңа бизнес мүмкіндіктерін құруға бағытталған екі келісімге қол қойылды.
- «Орталық Азияны байланысқа қосу» (C4CA) жобасы: Бұл жоба аймақтағы цифрлық инфрақұрылым мен интеграцияны жақсартуға бағытталған.
- Орталық Азиядағы аз қамтылған елді мекендер үшін спутниктік байланыс жобасы: Еуропалық инвестициялық банктің (ЕИБ) қатысуымен өтетін бұл жоба аймақтың шалғай аудандарын жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз етуге бағытталған.
Жалпы алғанда, осы келісімдерді ескере отырып, 2021-2027 жылдарға арналған ЕО-Орталық Азия серіктестік бағдарламасы 567 миллион еуроны құрайды.
Ақорда сайты Қазақстан президенті Қ.Тоқаевтың саммитте сөйлеген сөзінде мынадай негізгі мәселелерді атап өткенін хабарлады.
- Қазақстан ЕО-ға құны 2 миллиард доллардан асатын 175 тауар позициясы бойынша экспортты ұлғайтуға дайын. Бұл жобаларды қаржыландыру үшін Елбасы еуропалық компанияларды Астана халықаралық қаржы орталығының алаңын пайдалануға шақырды.
- Қазақстан Еуропа үшін көмірсутектердің сенімді жеткізушісі болып қала береді және Еуропалық Одақтың мұнай импортының шамамен 13%-ын қамтамасыз етеді, оның басым бөлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы жеткізіледі. Қазақстан ЕО-ның осы консорциумның тұрақты жұмысын қамтамасыз етудегі көмегін жоғары бағалайды және сонымен бірге шикізатты тасымалдаудың баламалы бағыттарын әзірлеуде.
3.Сонымен қатар, Қазақстан Total, Eni және Svevind сияқты компаниялармен бірлесе отырып, жаңартылатын энергия жобаларын жүзеге асыруда, жел және күн қуатын арттыру және жасыл сутегі өндіру жобаларын дамытуда.
4.Қазақстан Өзбекстан және Әзірбайжанмен бірге Еуропа нарығына шығу мақсатында Каспий теңізі арқылы жасыл энергия тасымалдау желісін салу бойынша ірі жобаны қолға алуда, деп атап өтті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еуроодақтың бұл бастамасы Орталық Азия елдерін өздерінің мүдделі аймағы ретінде сезінетін Ресей мен Қытайға ұнай қоймайтыны белгілі. Олар қандай ұсыныс немесе шара қолданады, оны уақыт көрсетеді