Басты бетЖаңалықтарЕуроодақтың әскери әлеуеті...

Еуроодақтың әскери әлеуеті қандай?

Немістің Panther KF51 танкісі

Қазіргі кезеңдегі Еуропалық Одақтың (ЕО) қорғаныс қабілеті — бұл ЕО-ға мүше мемлекеттер өздерінің қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз ету үшін пайдалана алатын әскери, өнеркәсіптік, қаржылық және экономикалық ресурстардың жиынтығы. Дербес мемлекеттердің қарулы күштерінен тұратын бұл жүйені дамыту концепциясы екі құжатта тұжырымдалған. біріншісі- Ортақ қауіпсіздік және қорғаныс саясаты (CSDP), ал ол екінші маңызды құжат «Бірыңғай сыртқы және қауіпсіздік саясатының» (CFSP) бөлігі болып табылады. Дегенмен, ЕО-ның біртұтас армиясы жоқ екенін және оның қорғаныс қабілеті мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы арқылы қамтамасыз етілетінін, олардың әрқайсысы қорғаныста автономияны сақтайтынын атап өткен жөн.
Қазіргі кезеңдегі жағдайы
Әскери құрылымдар және ынтымақтастық
ЕО әскери құрылымдарына мүше мемлекеттердің қарулы күштерінің жауынгерлік топтары кіреді. Олар жедел әрекет ету үшін шағын көпұлтты құрамалар (бірақ олар әлі ұрыс қимылдарында пайдаланылмаған) тұрады. Сондай-ақ 2017 жылы іске қосылған Тұрақты құрылымдық ынтымақтастық (PESCO) бар, оның аясында 25 мүше ел әскери әлеуетті дамыту бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асырады, мысалы, киберқауіпсіздік, әуе қорғанысы және ұшқышсыз жүйелер салаларында.
Қаржыландыру және өнеркәсіп
2021 жылы құрылған Еуропалық қорғаныс қоры (EDF) қорғаныс саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерді қолдауға бағытталған және оның 2021-2027 жылдарға жоспарланған бюджеті шамамен 8 миллиард еуро. Ол қару-жарақ пен әскери техника өндірісі сияқты әскери өнеркәсіптегі заманауи жобаларды дамытуға арналған. Сонымен қатар, ЕО елдері өздерінің қорғаныс шығындарын біртіндеп көбейтіп келеді — 2024 жылы келісімдер бойынша жалпы міндеттемелер ЕО-дағы НАТО мүшелері үшін ЖІӨ-нің шамамен 2% жетеді, бұл жылына шамамен 300 миллиард еуроны құрайды.
Технологиялық потенциал
ЕО-да Airbus (ұшақ), Thales (электроника), Леонардо (қорғаныс жүйелері) және Rheinmetall (брондалған көліктер) сияқты компанияларды қоса алғанда, күшті әскери-өнеркәсіптік базасы бар. Дегенмен, еуропалық әскери-өнеркәсіптік кешеннің басты кемшілігі -бұл бөлшектенуі, яғни олардың арасындағы үйлестіру әлсіз болып қалады. Мысалы, ЕО негізгі жауынгерлік танктердің 15-тен астам түрін пайдаланады, бұл стандарттауды қиындатады.
Еуроодақтың әскери қуатын не шектей алады?
Басты қауіп-бұл саяси бірліктің жоқтығы
Қорғаныс туралы шешімдер Еуропалық Кеңесте келісімді талап етеді, себебі саяси бірліктің жоқтығы, алауыздық -бұл маңызды шешімдерді жылдам қабылдауды қиындатады. Кейбір елдер, мысалы, Франция қорғаныста ЕО-ның үлкен автономиясын жақтаса, басқалары (мысалы, Балтық елдері) НАТО мен АҚШ-қа сүйенеді. Ал Венгрия мен Словакия көп жағдайды Ресейді қолдаушы ретінде көзге түсуде.
НАТО-ға тәуелділік
ЕО-ға мүше мемлекеттердің көпшілігі (27-нің 21-і) НАТО-ның мүшелері және олардың қорғаныс қабілеті альянспен байланысты. ЕО-ның әскери шығындарының шамамен 80%-ын НАТО елдері жұмсайды, ядролық қарумен АҚШ пен Ұлыбритания (соңғысы ЕО елдері) қамтамасыз етеді.
Шектеулі ресурстар
Шығындардың өсуіне қарамастан, сарапшылар (мысалы, Брюгель орталығындағылар) Ресей сияқты ірі соғыс ресурстары бар елден өзін қорғау үшін және АҚШ-тан толық тәуелсіз болу үшін ЕО-ға ағымдағы шығындардың (326 миллиард) үстіне жылына қосымша 250 миллиард еуро қажет болады деп есептейді.
Даму перспективалары
ЕО соңғы жылдары, әсіресе 2022 жылы Украинада соғыс басталғаннан және АҚШ саясатына қатысты белгісіздік күшейе бастағанда қорғаныс мәселелеріне көңіл бөле бастады. Сондықтан да 2024 жылы Трамптың АҚШ-та президенттік сайлауда жеңіске жетуі және Еуропадан өз қорғанысын өздері қамтамасыз етуге шақыруы бірнеше жаңа бастамалардың қабылдануына әсер етті. Солардың ішіндегі ең маңыздылары мыналар:

1.Еуропалық қорғаныс стратегиясы (2024 жылдың наурызында ұсынылған) қару-жарақ өндірісін ұлғайтуға және импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталған.
2.€100 миллиард қорғаныс қорын құру туралы ұсыныстар (Еурокомиссар Тьерри Бретон, 2024 ж.).
3.Еуропалық Sky Shield жобасы — Германия басқаратын әуе қорғанысы/зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі.
3 наурыз күні фон дер Лейен Еуропаның қорғаныс шығындарын «қажетті қарқынмен және амбициямен» айтарлықтай арттыруға дайын екенін айтып, ReArm Europe деп аталатын бұрын-соңды болмаған қорғаныс пакетін жариялады. Бұл жоспар бойынша қорғаныс саласына 800 миллиард евро бөлінбек, соның ішінде 150 миллиард несие әуе қорғанысына арналған қару-жараққа, ал оның бір бөлігі Украинаға беріледі.
ЕО-ның қорғаныс әлеуеті өнеркәсіптік және технологиялық базаны қамтамасыз етуге қабілетті, бірақ оның тиімділігі біртұтас армияның болмауымен, саяси келіспеушіліктермен және НАТО-ға тәуелділікпен шектеледі. ЕО қазіргі әлеуеті бітімгершілік операцияларға және отандық өнеркәсіпті нығайтуға мүмкіндік береді, бірақ елеулі қауіптерден автономды қорғаныс жасау үшін әскери әлеуетін арттыруы қажет және одан әрі интеграция мен қомақты инвестицияны қажет етеді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Украина жоспары бойынша сарапшы: Трамп Зеленскийді мәжбүрлей алмайды

Майкл Киммадж Фото DW Немецкая волна. Роман Гончаренко DW Вашингтондағы Кеннан институтының директоры Майкл Киммаджбен АҚШ президенті Дональд Трамптың бейбітшілік жоспарының болашағы...

Еуроодақ пен АҚШ арасындағы Украинаға байланысты қарама- қайшылықтар шиеленісті

Фото: Simon Dawson / No 10 Downing Street «Трамп- Путин жоспары» Еуроодақ пен АҚШ арасындағы қарама қайшылықты шиеленістіруі мүмкін. Негізгі...

Мәскеудегі АҚШ- Ресей келіссөздері нәтижесіз аяқталды

Фото Alexander Kazakov/Russian Presidential Press and Information Office/TASS 3 желтоқсан күні президент Владимир Путин мен Дональд Трамптың жоғары лауазымды өкілдері...