Зеленскиймен дипломатиялық жанжалдан кейін АҚШ президенті Трамп Украинаға әскери көмекті тоқтатқан болатын. Барлау деректерімен алмасу, арнайы әскери құралдарды алыстан басқару және т.б. әскери көмектің тоқтауын Ресей тиімді пайдаланып, Украинаның бірнеше ірі қалаларына және газ жүйесіне шабуыл жасады. Трамп осы шабуылдарға байланысты «бұл күтілген жағдай еді» деп мәлімдеді.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейді Украинадағы соғысты тоқтатуға мәжбүрлеу үшін оған қарсы санкциялар мен баж салығын енгізуді «қарастырып жатқаны» туралы жазбасын 7 наурыз, жұма күні өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде жариялады.
«Ресей қазіргі уақытта Украинаны ұрыс даласында «соққыға» алып жатқанын ескере отырып, атысты тоқтату келісіміне қол жеткізіп, түпкілікті бітімгершілік келісімге қол жеткізгенге дейін мен Ресейге жаппай банктік санкциялар, шектеулер мен тарифтер енгізуді қарастырып отырмын, — деп жазды ол.
«Ресей мен Украина, тым кеш болмай тұрып, дәл қазір келіссөз үстеліне отырыңыздар. Рахмет!!!» – деп ол қосымша жазба қалдырды.


