Басты бетӘлем жаңалықтары«Доллар көшкінінің» салдары...

«Доллар көшкінінің» салдары қандай болады?

фото eurizonsljcapital.com

Bloomberg – қаржы, экономика, нарық және бизнес туралы жаңалықтарға маманданған халықаралық ақпарат агенттігі Азия елдері өздерінің резервтік валюта ретінде жинақтаған орасан зор доллар қорларын жаппай сата бастауы мүмкін деген Eurizon SLJ Capital талдау орталығының мәліметін жариялады. Бұл 2,5 триллион долларлық «көшкінге» әкелуі мүмкін.
Сарапшылардың пайымдауынша, Азия елдері шамамен 2,5 триллион доллар жинаған және  олар бұл қорда жиналған валютаны жаппай сата бастаса, бұл доллар сатылымының «көшкініне» әкелуі мүмкін. Қордағы қаржыны жаппай сату доллар бағамы үшін тәуекелдерді арттырады және оның азиялық валюталармен салыстырғанда  құны төмендейді, әсіресе сауда қақтығыстары жағдайында.
Трамптың өзара тарифтер енгізу және сауда тәртібін қайта құру жоспарлары инвесторлардың өз стратегияларын қайта қарауына себеп болды. Нәтижесінде доллар индексі шамамен 8%-ға төмендеді, ал Азия валюталары нығайды. Бұл доллардың әлемдік резервтік валюта ретіндегі ұзақ мерзімді рөліне қауіп төндіреді.
Трамп Ақ үйге оралғаннан бері DXY доллар индексі шамамен 9% төмендеді, ал жалғасып жатқан тарифтік өзгерістер инвесторларды алаңдатып, саудадағы көңіл-күйге салмақ салуда.
Eurizon SLJ Capital өз талдауында «біз доллар үшін» қар көшкіні» қаупі туралы бұрыннан ескертіп келдік. Қытайда 2,5 триллион АҚШ доллары көлемінде «қар» жауса, ал Тайвань, Малайзия және Корея сияқты елдерде бұдан да үлкен «қарлы боран» болуы мүмкін… Нақты қар көшкіні сияқты көптеген адамдар ескертулерді елемеуі мүмкін, бірақ бәрі тәуекелдің анық екенін мойындайды » деп мәлімдеді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылы

1 наурыз Иран және шет елдік ақпарат құралдары Жоғарғы көсем аятолла Әли Хаменеидің шабуыл барысында қаза тапқанын растады. Сонымен...

Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады

Фото: AP / ТАСС 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иранға шабуылын бастады. Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац «Израиль мемлекеті өзіне...

АҚШ Иран мәселесін қалай шешпек?

фото reuters АҚШ-тағы саяси ахуал: Президент Трамптың саясатын халықтың қолдауы 38 пайызға дейін төмендеді. Осы жылдың 3 қарашасында Сенат пен...