фото eurizonsljcapital.com
Bloomberg – қаржы, экономика, нарық және бизнес туралы жаңалықтарға маманданған халықаралық ақпарат агенттігі Азия елдері өздерінің резервтік валюта ретінде жинақтаған орасан зор доллар қорларын жаппай сата бастауы мүмкін деген Eurizon SLJ Capital талдау орталығының мәліметін жариялады. Бұл 2,5 триллион долларлық «көшкінге» әкелуі мүмкін.
Сарапшылардың пайымдауынша, Азия елдері шамамен 2,5 триллион доллар жинаған және олар бұл қорда жиналған валютаны жаппай сата бастаса, бұл доллар сатылымының «көшкініне» әкелуі мүмкін. Қордағы қаржыны жаппай сату доллар бағамы үшін тәуекелдерді арттырады және оның азиялық валюталармен салыстырғанда құны төмендейді, әсіресе сауда қақтығыстары жағдайында.
Трамптың өзара тарифтер енгізу және сауда тәртібін қайта құру жоспарлары инвесторлардың өз стратегияларын қайта қарауына себеп болды. Нәтижесінде доллар индексі шамамен 8%-ға төмендеді, ал Азия валюталары нығайды. Бұл доллардың әлемдік резервтік валюта ретіндегі ұзақ мерзімді рөліне қауіп төндіреді.
Трамп Ақ үйге оралғаннан бері DXY доллар индексі шамамен 9% төмендеді, ал жалғасып жатқан тарифтік өзгерістер инвесторларды алаңдатып, саудадағы көңіл-күйге салмақ салуда.
Eurizon SLJ Capital өз талдауында «біз доллар үшін» қар көшкіні» қаупі туралы бұрыннан ескертіп келдік. Қытайда 2,5 триллион АҚШ доллары көлемінде «қар» жауса, ал Тайвань, Малайзия және Корея сияқты елдерде бұдан да үлкен «қарлы боран» болуы мүмкін… Нақты қар көшкіні сияқты көптеген адамдар ескертулерді елемеуі мүмкін, бірақ бәрі тәуекелдің анық екенін мойындайды » деп мәлімдеді.