HomeАҚШДемократтар оянды: 86...

Демократтар оянды: 86 мың адам қатысқан   митингілер және 25 сағаттық үздіксіз сөз сөйлеу

Фото: Ross D. Franklin, dpa/AP
Трамп билікке келгеннен кейін демократтар белсенділік танытпай сайлаушылардың наразылығын тудырған болатын. Қазіргі кезде демократтарды жақтаушылар Трамп пен Маск шараларына көңілі толмай, демократтарды белсенділікке шақыруда. Алғаш үнсіздікті либерал Сандерс өткен демалыс күндері Американың Батысында 86,000 жиналған қауым алдында сөзімен бұзды. Ол қасына  «AOC» деп аталатын 35 жасар конгресс депутаты Александрия Окасио-Кортесті бірге ертіп жүрді.  83 жастағы Сандерс  оны «миллиондаған жастардың шабыты» деп атаса, бұл прогрессивті лагерьдегі эстафетаның берілуі  сияқты деп жазды немістің «Augsburger allgemeine» газеті.

Демократиялық партия әлі де сақтық танытып отыр. Трамп жалықпай атқарушы бұйрықтар шығарып, бүкіл дүниені  шошытып отырса, демократтар үнсіз қалуда, тіпті президенттің уақытша бюджетіне қолдау білдірді. Сандерс өз сөзінде қалыптасқан жағдайды сынап, «бүкіл әлем Американың Трампизм мен автократияға қашан қарсы тұратынын білгісі келеді»- деді.
Сандерс пен Окасио-Кортестің күн тәртібі ескірген сияқты, бірақ өзектілігін жоғалтқан жоқ: олар жұмысшы табы, кәсіподақтар мен ынтымақтастық туралы айтты. Олар теңсіздік, «байлардың ашкөздігі», жоғары аренда және денсаулық сақтаудың нашарлығы сияқты әлеуметтік мәселелерге назар аударды. Олардың шешімдері де белгілі: барлығына медициналық сақтандыру, ең төменгі жалақының жоғарылауы және әділетті салық жүйесі. Өз сөзінде Сандерс өзінің дәстүрлі науқандық сөйлеу стиліне орала отырып, дәрі-дәрмек бағасын төмендетуге уәде береді.
Ал енді сенатор Кори Букердің ісі 2025 жылы 31 наурызда Сенаттағы Трамп саясатын сынап сөйлеген сөзі 25 сағат 5 минутқа созылды деп хабарлады CNN телеарнасы.  Бұл АҚШ саясатындағы, әсіресе Трамптың сауда соғыстарын жариялау кезеңіндегі маңызды оқиғаға айналды.

Иллюстрация: Getty Images / Win McNamee
Кори Букер  2013 жылдан бері сенатор, Нью-Джерсидің Сенаттағы алғашқы қара өкілі және 100-мүшелік палатадағы бес қара нәсілді сенатордың бірі.  Кори Букер Стром Турмондтың Азаматтық құқықтар туралы заңға қарсы 1957 жылғы 24 сағат 18 минуттық сөйлеген рекордын жаңартты. Бірнеше демократ сенаторлар, соның ішінде Чак Шумер мен Крис Мерфи, оған рұқсат беру және қолдау көрсету үшін қосылды. Букер Сенаттағы сөзін төраға үзіп, басқа мәселені талқылауға жол бермес үшін үздіксіз, демалыссыз сөйледі.
Сенатор өз сөзінде мынадай маңызды мәселелердің кең ауқымын қамтыды, соның ішінде:

  • Medicaid-қа жұмсалатын ықтимал шығындар миллиондаған американдықтарға зиянын тигізеді деді.
  • Илон Масктың Трамп тұсындағы федералды үкіметті қайта құрылымдау реформасының зияндығын көрсетті.
  • Килмар Армандо Абрего Гарсияның ісі сияқты депортацияға сілтеме жасай отырып, Трамптың тұрақтылық, демократия және иммиграция жөніндегі саясатын сынады.

Букер өз сөзінде: «Президент 71 күн ішінде Американың қауіпсіздігіне, қаржылық тұрақтылығымызға және демократиямыздың негізіне соншалықты зиян келтірді» деп мәлімдеді. Ол «Конституция қайда өмір сүреді? Қағазда ма, әлде біздің жүрегімізде ме? Саяси және әлеуметтік салдары қандай болмақ» деген сұрақ қою арқылы ол саяси бөлініс емес, моральдық мәселеге баса назар аударады.

Сең қозғалды, демократтар ұйқыдан оянды. Бірақ екі палатада да олар көпшілік дауысқа ие бола алмады. Алайда бұл демократтар  жеңілістен есін жиып, келесі сайлауға дайындық бастады деген сөз.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Кашмир дауы кезекті Үндістан мен Пәкістан соғысына ұласа ма?

Кашмир мәселесі – Үндістан мен Пәкістан арасындағы Кашмир аймағын иеленуге байланысты басталған күрделі және ұзақ уақытқа созылған дау. Қазіргі...

Зеленский Қырымды беруден бас тартты

Фото: EPA Сәрсенбі күні Лондонда өтуге тиіс келіссөздерге АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубио бармайтын болды. Басты себеп- 22 сәуір күні...

        Путин келіссөздерге дайын екенін мәлімдеді

 21 сәуір күні Ресей президенті Владимир Путин соғыс басталғаннан бері алғаш рет Украинаға екіжақты келіссөздер жүргізуді ұсынды деп хабарлайды...