Басты бетАҚШБҰҰ Қауіпсіздік кеңесі...

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың Газаға қатысты қарарын қабылдады

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың Газа Секторына қатысты ұсынған қарарын қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz сілтеме жасап.

Органға мүше 15 елдің 14-і құжатты құптап дауыс берді. Ресей қалыс қалды. АҚШ делегациясы Біріккен ұлттар ұйымына Газа секторындағы қақтығысты тоқтату туралы қарардың жаңа нұсқасын ұсынған еді.

Онда атысты біржола тоқтату, әскерді анклавтан шығару, кепілдегі адамдарды босату және Газа секторын қалпына келтіру жайы қарастырылған.

Сондай-ақ бұған дейін Байден ұсынған жобада көзделген аймақ аумағы мен халық құрамын өзгерту және буферлі аудан құру мәселелеріне Қауіпсіздік кеңесі тыйым салған еді.

Енді соңғы нұсқада буферлі аймақ құруға келісім берді. Тараптар алты апта ішінде бітімге келуі керек. Қазір осы мәселелер жөнінде келіссөздер жүріп жатыр.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Әзірбайжан және Өзбекстан: Үстірт аймағындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі Әзірбайжан мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR) Өзбекстанның Үстірт аймағында көмірсутегі ресурстарын игеру бойынша...

АҚШ-Россия: Аляскада қандай мәселелер талқыланды?

Фото: Эндрю Харник/Getty Images Аляскадағы кездесуге әлем...

Украина тағдыры қыл үстінде

Аляскадағы Трамп пен Путин кездесуі Ресей-Украина соғысын тоқтата қоймайтыны белгілі. Алайда ұзаққа созылатын келіссөздердің басы болуы мүмкін. Келіссөзге қатысушылардың...