Басты бетОрта АзияБүгін Хиуа қаласында...

Бүгін Хиуа қаласында Орталық Азия елдерінің екінші парламентаралық форумы басталады

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Бүгін ежелгі Хорезм жері Хиуа қаласында Орталық Азия елдерінің екінші парламентаралық форумы жұмысын бастайды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі UzА агенттігіне сілтеме жасап. 

Форумға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан парламенттерінің жетекшілері мен делегациялары, оның ішінде жастар парламенті мен топтары, жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.

«Форумның мақсаты – Орталық Азия елдері арасындағы парламентаралық байланыстарды нығайту, парламентаралық комиссиялардың, достық топтарының, мемлекеттік биліктің өкілді органдарының, жастар парламенттері мен әйелдердің аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысуын кеңейту», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркі әлемінің ортақ әліпбиі комиссиясы 34 әріптен тұратын үлгі ұсынғанын хабарлаған едік. 

Бегабат ҰЗАҚОВ

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Трамп Иранға шабуылдан бас тартты. Алайда әскери дайындық жалғасуда.

фото Эвелин Хокштейн/Рейтер AFP ақпарат агенттігі Сауд Арабиясының жоғары лауазымды шенеунігіне сілтеме жасай отырып, Сауд Арабиясы, Катар және Оман...

АҚШ шамамен 24 сағаттан кейін Иранға шабуыл жасауы мүмкін

фото © REUTERS  Stringe Рейтер. 14 қаңтар. Рейтер агенттігі Европалық және Израильдегі дереккөздерге сүйене отырып АҚШ 24 сағаттың ішінде Иранға шабуыл...

АҚШ Венесуэлаға шабуыл жасады. Мадуро тұтқындалды.

Фото: STR/AFP 3  қаңтар күні АҚШ әскерлері көрші Венесуэланың астанасы Каракасқа шабуыл жасап, заңсыз билікте деп саналған президент Мадуроны әйелімен тұтқындап,...