Анадолу агенттігі хабарлайды.
Баку планетамыздың болашағы туралы қызу келіссөздер алаңына айналды. БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына қатысушылардың 29-шы конференциясында бай елдер жаһандық жылынуға қарсы күресу үшін жыл сайын кемінде 300 миллиард доллар бөлуге уәде берді. Алайда, үлкенкөлемдегі көмекке, яғни 1 триллион доллардан үмттенген дамушы елдер бұл шешімді «қорлау» деп атады. Олар климаттық дағдарыспен тиімді күресу үшін әлдеқайда көп ресурстар қажет екеніне ерекше мән беруге шақыруда.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына қатысушылардың 29-конференциясының делегаттары 2035 жылға қарай жыл сайынғы қаржыландыруды 1,3 триллион долларға дейін кезең-кезеңімен ұлғайтуға келісті.
Cаммит нәтижелеріне түсініктеме бере отырып, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш келісім жаһандық жылынуды Цельсий бойынша 1,5 градустан асырмау үшін өте қажет болғанымен, ол «қаржыландыру тұрғысынан да, одан да үлкен нәтижеге үміттенгенін айтты.
UNFCCC Атқарушы хатшысы Саймон Стилл климатты қаржыландырудың жаңа мақсатын планетадағы барлық адамдар үшін «сақтандыру саясаты» деп атады. Ол ешбір ел қалаған нәрсесінің бәрін ала алмайтынын мойындады. Әлемде әлі жұмыс көп, соның ішінде Бразилиядағы келесі климаттық конференцияға дайындық бар, деп атап өтті ол.