Басты бетАҚШБайденнің өсиеті

Байденнің өсиеті

Мандель Нган/AFP/Getty Images

 

АҚШ-тың CNN (Cable News Network) жаңалықтар телеарнасы президент Байденнің қызмет мерзімінің аяқталуына байланысты ұйымдастырылған қоштасу сөзін тікелей эфирде көрсетті. АҚШ президенті  Джо Байден қызмет мерзімі аяқталуына байланысты  сәрсенбі күні американдықтармен  қоштасу сөзінде мынадай қоғамды алаңдатып отырған мәселелерді атап өтті.

                Бірінші. Америка халқы және бостандық туралы.

Президент Джо Байден қоштасу сөзінде Бостандық мүсінінің символына сілтеме жасай отырып, Америка халқы кім екендігі туралы көп ойлайтынын айтты. «Мен кім екенімізді және, ең бастысы, кім болуымыз керек екендігі туралы көп ойладым», — деді Байден. Ол Франция сыйлаған Нью-Йорктегі Бостандық мүсінінің салынуын сипаттап, «Америка идеясы сияқты бұл мүсінді де  бір адам емес, әр саладан, дүние жүзінен келген көп адам салды». «Америка сияқты, Бостандық мүсіні бір орында тұрмайды. Оның әрбір қадамы құлдық шынжырын үзіп, алға басуда.   Ол жолға шықты  және шын мәнінде қозғалыста. Ол бірде артқа, бірде алға тербелу үшін, дауылды ауа-райының қаһарына, уақыт сынағына төтеп беру үшін салынды. Өйткені дауыл үнемі соғып тұрады. Ол бірнеше дюймге дейін көтеріледі, бірақ төмендегенде құламайды. Бұл бір инженерлік ғажайып», — деп бостандық идеясына ерекше тоқталды.

   Екінші, Америка идеясына сену- бұл демократиялық институттарды құрметтеу.
Байден «мен  өмірімнің 50 жылын биліктің қайнаған ортасында өткізгендіктен, Америка идеясына сену дегеніміз еркін қоғамды басқаратын институттарды — президентті, Конгрессті, соттарды, еркін және тәуелсіз баспасөзді құрметтеу деп білемін», — деді.
«Бізде билікті бөлу, тежеу ​​және тепе-теңдік жүйесі қалыптасқан. Бұл мінсіз болмауы мүмкін, бірақ ол біздің демократиямызды 250 жылға жуық уақыт бойы қолдады, тарихтағы мұндай батыл эксперимент жасауға тырысқан кез келген басқа елге қарағанда ұзақ », — деп қосты ол.

  Үшінші, олигархияның билікке келуі.
Президент Джо Байден Америкада «олигархияның» күшеюі туралы ескертіп, аса бай адамдар тобына да жұмысшы және орта тапқа қойылатын талаптар қойылуы қажет деп есептейді.  «Мен елді алаңдататын кейбір нәрселер туралы ескерткім келеді және бұл алаңдаушылық бекер емес, қауіпті нәрсе. Бұл биліктің аз ғана бай адамдардың қолында шоғырлануы және олардың билікті асыра пайдалануы жазасыз қалса, салдары қауіпті болмақ», — деді Байден. Ол былай деп қосты: «Бүгін Америкада біздің бүкіл демократиямызға, біздің негізгі құқықтарымыз бен бостандықтарымызға және барлығының тең табысқа жету мүмкіндігіне қатер төндіретін шектен тыс байлығы мен билігі бар  ықпалды олигархия пайда болды». Президент бір ғасырдан астам уақыт бұрын АҚШ-та биліктің  «қарақшы барондардың» қолында шоғырланғанын атап өтті. Бірақ олар монополияға қарсы заңдардан жеңілгені белгілі. Байден бір ғасырдан астам уақыттан кейін өз әкімшілігінде осы тәжірибеге ерекше мән берген болатын. «Олар байларды жазалаған жоқ. Олар жай ғана байларды барлығы ұстануға тиіс ережелерге мойынсұнуға  мәжбүр етті. «Жұмысшылар өздерінің әділ үлестерін алу үшін  белгілі бір құқықтарды  алғысы келді», — деді Байден. «Олар келісімге қол жеткізді және бұл бізге ең үлкен орта тапты қалыптастыруға және әлемдегі кез келген ел көрмеген ең гүлденген ғасырды құруға мүмкіндік берген жолды таңдауға көмектесті. Біз мұны қайтадан жасауымыз керек».

Төртінші, әлеуметтік медианың қоғамдағы ролі.
«Мені біздің елге нақты қауіп төндіруі мүмкін технологиялық-өнеркәсіптік кешеннің әлеуетті өсуі де бірдей алаңдатады», — деді президент.
«Американдықтар билікті теріс пайдалануға мүмкіндік беретін жалған ақпарат пен нақтыланбаған мәліметтер  көшкінінің астында қалды. Еркін баспасөз құлдырап, редакторлар жоғалып жатыр.
Әлеуметтік желі фактчекингтен бас тартты. Билік пен пайда үшін айтылған өтірік шындықты тұмшалап тастауда. Біз балаларымызды, отбасымызды және демократиямыздың өзін билікті асыра пайдаланудан қорғау үшін әлеуметтік платформаларды жауапкершілікке тартуымыз керек», — деді ол.

Бесінші, өз әкімшілігі жұмысының нәтижесі туралы
Өзінің мұрасы мен әкімшілігінің жетістіктері туралы мәселелерді ой елегінен өткізе отырып, президент Джо Байден олардың болашақта да сақталатынына сенімді екенін атап өтті. «Бірге жасаған ісіміздің толық нәтижесін сезіну үшін уақыт қажет. Бірақ дән егілді және олар ондаған жылдар бойы өсіп, гүлдейді», — деп жасалған істердің болашақ нәтижелеріне ерекше мән берді.   Ол өзінің президенттігінің кейбір жетістіктерін ерекше атап өтті, соның ішінде егде жастағы адамдар үшін рецепт бойынша дәрі-дәрмек бағасын төмендету, қару қауіпсіздігі туралы заңдарды қабылдау және ардагерлерге медициналық көмек көрсету. Байден сондай-ақ сыртқы саясаттағы жетістіктеріне тоқталып, «НАТО-ны қалай нығайтқанын» еске алды. «Украина еркін болып қала береді және біз Қытайдағы және басқа да көптеген елдердегі бәсекелестерімізден алдамыз», — деді Байден.

 

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Әзірбайжан және Өзбекстан: Үстірт аймағындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі Әзірбайжан мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR) Өзбекстанның Үстірт аймағында көмірсутегі ресурстарын игеру бойынша...

АҚШ-Россия: Аляскада қандай мәселелер талқыланды?

Фото: Эндрю Харник/Getty Images Аляскадағы кездесуге әлем...

Украина тағдыры қыл үстінде

Аляскадағы Трамп пен Путин кездесуі Ресей-Украина соғысын тоқтата қоймайтыны белгілі. Алайда ұзаққа созылатын келіссөздердің басы болуы мүмкін. Келіссөзге қатысушылардың...