Басты бетАҚШАҚШ Қытай студенттеріне...

АҚШ Қытай студенттеріне шектеу қойды

Фото: thecollegesolution.com

Мемлекеттік хатшы Марко Рубио Қытай студенттеріне берілген АҚШ визалары қайтарылатын болды деп мәлімдеді деп хабарлады Би-би-си халықаралық телерадиокомпаниясы.  Алдағы уақытта Қытай мен Гонконгтан келген жаңа визалық өтінімдер күшейтілген тексеруден өтеді. Сондай-ақ Мемлекеттік департамент бүкіл әлем бойынша жаңа студенттік виза сұхбаттарын жоспарлауды тоқтатуға бұйрық бергені хабарланды. Негізгі идея — АҚШ-тың қауіпсіздігі мен мүдделеріне басымдық беру, сондықтан департамент Қытайға қатысты визаларды, әсіресе Қытай коммунистік партиясымен  байланысы бар немесе маңызды салаларда оқитын студенттерден визалар қайтарып алады. Студенттер мен болашақ үміткерлер қалай тексерілетіні, жаңа саясат қандай критерийлерге және қандай визаларға рұқсат берілетіні  туралы мәліметтер жарияланбады.
АҚШ-тың осы шешіміне Қытай Сыртқы істер министрлігі  үзілді-кесілді қарсы екенін айтып, Вашингтонды конструктивті қарым-қатынасқа шақырды. Қытай Америка Құрама Штаттары заңды студенттердің құқықтары мен мүдделеріне зиян келтіру үшін идеология мен ұлттық қауіпсіздікке қатысты сылтауларды пайдаланады деп санайды.
Бұрын виза тек Америка Құрама Штаттарына кіруге рұқсат қағаз болатын,  ал елге кірген адамның құқықтық  мәртебесі ағымдағы құқықтық нормаларғы байланысты болды, мысалы, студент  пе, жоқ әлде туристік сапармен жүрген адам ба. Дәстүр бойынша, университет иммиграциялық органдарды стужент оқуды аяқтаған кезде хабардар етіп, оның мәртебесі автоматты түрде тоқтатылатын. Бірақ сәуір айынан бастап АҚШ әкімшілігі университеттердің қатысуынсыз студент мәртебесін тоқтатудың бір жолы ретінде студенттік визаларды алып тастады.
Соңғы жылдары Қытай азаматтары АҚШ-қа оқуға ең көп келетін шет елдік студенттер болды. Ресми деректерге сәйкес, қытайлық студенттер саны 2012-13 жылдан бері тұрақты түрде 200 000-нан асып, 2019-20 жылы 370 000 мыңға жетті. Тек 2023-24 оқу жылында Үндістан Қытайды басып озды: биыл Қытайдан 277 000 адам және Үндістаннан 330 000 адам АҚШ-та оқыды.

АҚШ шектеу жариялаған соң  Гонконг политехникалық университеті материктік Қытайдан келген үміткерлер санының «үлкен секірісі» туралы хабарлады.

 

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Әзірбайжан және Өзбекстан: Үстірт аймағындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі Әзірбайжан мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR) Өзбекстанның Үстірт аймағында көмірсутегі ресурстарын игеру бойынша...

АҚШ-Россия: Аляскада қандай мәселелер талқыланды?

Фото: Эндрю Харник/Getty Images Аляскадағы кездесуге әлем...

Украина тағдыры қыл үстінде

Аляскадағы Трамп пен Путин кездесуі Ресей-Украина соғысын тоқтата қоймайтыны белгілі. Алайда ұзаққа созылатын келіссөздердің басы болуы мүмкін. Келіссөзге қатысушылардың...