HomeЖаңалықтарАҚШ Украинаны сатып...

АҚШ Украинаны сатып кете ме?

Бүгін, 18 наурыз күні Трамп пен Путин байланыс арқылы келіссөз жүргізеді деп күтілуде. Трамп бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында төрт үлкен мәселені талқылауға ұсынатынын мәлімдеді. Бірінші, атысты тоқтату. АҚШ пен Украина келіссөздерінен кейін жарияланған атысты тоқтату туралы мәселеге жауап берген жоқ, тек жаңа талаптар қойды.

Екінші, территорияларды талқылау. Ресей қазіргі басып алған аймақтарға қосымша Запорожье және Херсон қалаларын беруді талап етіп отыр.

Үшінші, Запорож атом электр станциясының тағдыры шешілмек. Европадағы ірі атом электр станцияларының бірі -Запорож АЭС Украинаға қажетті электр энергиясының үлкен бөлігін қамтамасыз етіп отырған объект.

Төртінші, Қара теңіздегі порттар мәселесі, яғни жалпы Қара теңіз мәселесі. АҚШ Қырымды Ресейдікі деп мойындайтынын осыған дейін білдірген болатын.

Бүгін талқылауға түсетін мәселелердің барлығы Украина үшін өте маңызды. Бұл мәселелер Украинаның тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүруіне әсер етейін деп отыр. Енді барлығы екі билеушінің қолында. Трамп Украинаны қорғай ала ма әлде өз имиджі үшін сатып кете ме?

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Зеленский Қырымды беруден бас тартты

Фото: EPA Сәрсенбі күні Лондонда өтуге тиіс келіссөздерге АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубио бармайтын болды. Басты себеп- 22 сәуір күні...

        Путин келіссөздерге дайын екенін мәлімдеді

 21 сәуір күні Ресей президенті Владимир Путин соғыс басталғаннан бері алғаш рет Украинаға екіжақты келіссөздер жүргізуді ұсынды деп хабарлайды...

Рим Папасының сайлауына американдық үміткер қатыса ала ма?

Ватикан   фото Фейсбуктен алынды Дүниедегі ең ықпалды қаржылық, талдау және ақпараттық платформалардың бірі - Bloomberg  Рим Папасын сайлау туралы мақала...