Басты бетАҚШАҚШ-Россия: Аляскада қандай...

АҚШ-Россия: Аляскада қандай мәселелер талқыланды?

Фото: Эндрю Харник/Getty Images

Аляскадағы кездесуге әлем көз тігіп, бір бөлігі Трамп Украинаны сатып кете ме екен деп қауіптенсе, екінші бөлігі соғыс туралы келісім жасалар ме екен деген үмітпен қарағаны белгілі. Алайда келісім болған жоқ және баспасөз конференциясында қандай мәселелер талқыланғаны айтылған жоқ. Міне енді бір күн өткеннен кейін әлемдік басылымдар жариялаған мәліметтерден қандай мәселелер талқыланғаны анықталып келеді.
Алғашқы мәліметті 16 тамыз күні жарияланған Европаның ықпалды мемлекеттері басшыларының мәлімдемесінен байқауға болады. Олар АҚШ президенті Трампен сөйлескеннен кейін бірлескен мәлімдеме жариялады. Еврокомиссия төрайымы  Урсула фон дер Ляйен, Еврокеңес төрағасы Антониу Кошта, Франция президенті Макрон, Финляндии президенті Александр Стубб, Великобритания Кир Стармер , Италия премьер-министрі Джорджа Мелони,  Польша премьер-министрі Дональд Туск және Германия канцлері Фридрих Мерц қол қойған мәлімдемеде мына мәселелер аталып өтті.

  1. Украинаға өзінің егемендігі мен территориясын сақтау үшін қауіпсіздік кепілдігі берілуі керек деп жарияланды.  Осы мәселеге байланысты Италия премьер министрі Джорджа Мелонидің уақытында жариялаған ұсынысын Трамп Аляскада талқылаған сияқты. Себебі Д. Мелони Италия үкіметінің сайтында жариялаған мәлімдемесінде өз ұсынысын қолдағаны үшін Трампқа алғысын білдірген. Бұл ұсыныста НАТО жарғысының 5 бабы бойынша әскери одаққа мүше елдер Украинаға кепілдік бере алады. Бұл халықаралық құқықтағы жаңалық. Себебі Украина НАТО мүшесі болмай-ақ оның кепілдігін ала алады Алайда бұл Украинаның НАТО-ға мүше болуына қарсы Ресейдің қарсылығын аттап өтудің бір жолы.
  2. Мәлімдемеде Ресейдің Украинаның НАТО-ға және Евроодаққа мүше болуына қарсы тұруға құқы жоқ деп жарияланды.
  3. Путин бастапқыда Украина толық қарулануды шектеп, әскер санын азайтуы керек деген талап қойған болатын. Осыған орай Европа жетекшілерінің мәлімдемесінде «Украина қарулы күштерінің үшінші бір елдермен ынтымақтастығына Ресей шектеу қоя алмайды» деп нақты көрсетілді.
  4. Украина өз жерінде шешім қабылдайды және халықаралық шекаралар күшпен өзгертілмейді деп мәлімдеме жасалды.

Егер бастапқы үш мәселе бойынша Трамп Путинмен ымыраға келуге мүмкіндігі болса, ал төртінші мәселе болашақ келіссөздерде «сүрінетін табалдырық» болмақ. Әлемдік беделді басылымдар Путин кездесуде  Донецк және Луганск облыстарынан Украина әскерлерін шығаратын болса, онда Херсон және Запорож облыстарындағы соғыс шебі бойынша шекара белгілеп, атысты тоқтауға болады деп ұсыныс жасаған. Axios басылымы Трамп осы ұсынысты қолдап отыр деп жазды. Бастапқыда Путин аталған төрт облысты толық беруді ұсынған еді.
Сонымен бірге Трамп кездесу барысында өзінің әйелі Мелонидің Путинге арнаған хатын тапсырды. Хатта Украинадан күшпен әкетілген балаларды қайтаруды өтінген. Кейбір деректерге қарағанда Украинадан 16 мың бала Ресейге әкетілген және көпшілігін орыс отбасылары асырап алған.
Fox News телеарнасына берген сұхбатында Трамптың сенімді қолдаушыларының бірі- сенатор Линдси Грэм үш жақты кездесуге дейін «әуе келісімі» жүзеге асады деп жариялады. Бұл Путиннің Белоруссиядағы Лукашенко арқылы жариялаған ұсынысы еді. Ол бойынша әуе шабуылдары тоқтатылады. Сонымен бірге Грэм бейбіт келісімге Рождество мерекесіне дейін қол қойылатын шығар деп болжам жасады.
Аляскадағы кездесуден кейін  Трамп Зеленскийді 18 тамыз күні  Вашингтонға шақырды. Европа басшылары да осы кездесуге қатысады деген ақпарат бар. Трамп Украинаның Ресей әскерлерін басып алынған жерлерден қуып шығуға қауқары жоқ деп жиі қайталап жүр. Бұл шынында да өте күрделі мәселе. Украинаның адам ресурстары шектеулі болғандықтан армия қатарын толықтыру, соғыстағы солдаттарды уақытша алмастыруға мүмкіндігі болмай жатыр. Жақында 60-тан асқан еріктілерді армияға алуға байланысты жарлық шықты. Осындай жағдайларға байланысты Зеленский келіссөзге келісуге, территорияларды беруге мәжбүр болады. Ал келіспеген жағдайда соғыс жалғасады. Онда АҚШ-тың көмегі тоқтатылуы мүмкін. Европа АҚШ-тың көмегінсіз Украинаның соғыс жүргізуін қамтамасыз ете алмайды.
Ресей де басып алынған жерлерге «жабысып» қалуға тырысуда. Ресейдің оптикалық жіп арқылы ұшатын дрондары, қалықтап ұшатын бомбалары және баллистикалық зымырандары Украинаға үлкен қауіп төндіріп отыр. Украина әскерлерінің қайта шабуылдап, басып алған ресей әскери шептері туралы телеарналардағы көрсетілімдерде окоптардың өзі бетоннан құйылып, жасалғаны көрініп тұр. Әдетте окоптардың екі жағы  ағашпен бекітілсе, жақсы бекініс деп есептеледі. Ал бетон құюға  Солтүстік Кореяның 10 мың солдаты мен Орта Азия елдерінің күшпен әскерге алынып жатқан адамдары тартылғаны белгілі. Осындай күшейтілген  қамалдар жүйесі Украина әскерлері үшін алынбас бекіністерге айналуы мүмкін.  Ресей қазірдің өзінде 100 мыңнан астам әскерінен айрылды. Алайда Путин түрмедегілерді тауысып, шет аймақтағы арақ ішетіндер мен ақшаға жалданғандарды өлімге айдап отыр. Бұл адам өмірі мен құқы бағаланбайтын қоғамға тән құбылыс. Сондықтан Путин де соғысты жалғастыра алады.
Соғысты тоқтатуға мәжбүрлейтін басты мәселе санкциялар мен Украинаға жаңа қарулар беру.             Евроодақ басшылары мәлімдемелерінде  санкцияларды күшейтуге мүдделі екендігін және көмекті жалғастыруға дайын екенін жарияласа, ал Трамп екі-үш аптасыз санкция мәселесіне оралмайтынын мәлімдеді.
Бұл әрине Аляскада қаралған мәселелердің бір бөлігі ғана болуы мүмкін. Себебі Путин өткен жолы Трамптың сенімді өкілі Уиткофф арқылы келіссөздерге байланысты мәселелерді баспасөзге жарияламай, құпия ұстауды өтінген болатын. Сондықтан алдағы уақытта тағы да келіссөздерге байланысты жаңа мәліметтер жариялануы мүмкін.
18 тамыз күні Зеленский келіссөздерге дайын болса, онда Ресей тарапы жауап беру керек. Егер жауап бермесе, Путиннің «түлкі бұлаңы» жалғасады және Украинадағы стратегиялық мәні бар елді мекендерді басып алуға бар күшін салады.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Әзірбайжан және Өзбекстан: Үстірт аймағындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі Әзірбайжан мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR) Өзбекстанның Үстірт аймағында көмірсутегі ресурстарын игеру бойынша...

Украина тағдыры қыл үстінде

Аляскадағы Трамп пен Путин кездесуі Ресей-Украина соғысын тоқтата қоймайтыны белгілі. Алайда ұзаққа созылатын келіссөздердің басы болуы мүмкін. Келіссөзге қатысушылардың...

АҚШ:  Ирандағы ядролық объектілерге шабуыл  бір реттік шара

Фото HUM Images/Universal Images Group Жексенбіге қараған түні АҚШ-тың  125 ұшағының қолдауымен көрінбейтін жеті  В -2 ұшақтары Иранның Фордо, Натанзе...