HomeАҚШАҚШ:  Ирандағы ядролық...

АҚШ:  Ирандағы ядролық объектілерге шабуыл  бір реттік шара

Фото HUM Images/Universal Images Group

Жексенбіге қараған түні АҚШ-тың  125 ұшағының қолдауымен көрінбейтін жеті  В -2 ұшақтары Иранның Фордо, Натанзе және Исфахандағы ядролық объектілеріне шабуыл жасады. Жексенбі күнгі брифингте АҚШ-тың Штаб басшыларының  біріккен комитетінің төрағасы генерал Дэн Кейн кем дегенде екі ядролық алаңға 14 MOP бомбасы тасталғанын айтты. Салмағы 13 тонналық (28 700 фунт) GBU-57 MOP — әлемдегі ең қуатты бункер талқандаушы, ол 60 м (200 фут) жер астына еніп,  2 400 кг (5 300 фунт) жарылғыш заттарды көздеген жерінде жарады.


22 маусым күні  The Wall Street Journal (WSJ) АҚШ президентінің әкімшілігі Иран жағына бұл шабуылдың бір реттік шара екендігі туралы мәліметін жеткізді деп жазды. Журнал шабуыл жасардың алдында АҚШ ұшақтары әр түрлі базаларға ауыса ұшып, алдау маневрін жасай отырып, жеті В-2 ұшағы 18 сағат ішінде Иранға жетіп, көзделген объектілерді бомбылағаны  туралы жазды. Иран тарапы кенеттен болған соққыға жауап қайтара алмады.
Вице-президент Дж.Д.Вэнс NBC News арнасына берген қысқаша сұхбатында АҚШ «Иранмен соғыс жағдайында емес» деп мәлімдеді. «Біз олардың ядролық амбицияларымен соғысып жатырмыз» деді. Алайда Вэнс елдің ядролық нысандарының толығымен жойылғанын 100 пайыз сенімділікпен растаудан бас тартты. Оның орнына ол АҚШ Иранның ядролық бағдарламасын «тоқтатудың сәті келді, ал АҚШ пен оның одақтастары енді Иранның ядролық бағдарламасын «шыдамдылықпен» жоюға күш салатынын айтты.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы (сыртқы істер министрінің баламасы) Марко Рубио Fox News телеарнасына АҚШ-тың Иранға азаматтық ядролық бағдарламаға ие болуға рұқсат бергенін, бірақ «олар бұл ұсынысты қабылдамағанын» айтты. Мемлекеттік хатшы «олар бізге өтірік айтты. Біздің ұсыныстарымызға жауап бермеді. Олар 10 күн бойы жоғалып кетті. Президент жауап қайтаруға мәжбүр болды», — деді. Рубио сонымен қатар Иранның ешқашан ядролық қаруға ие болмауы керек деген пікірін қайталады және Иранның кез келген жауап әрекеті олардың ең үлкен қателігі болатынын ескертті. «Біз Иранға соғыс жариялап жатқан жоқпыз. Біз Иранмен соғыс іздемейміз. Бірақ олар бізге шабуыл жасаса, бізде олар әлі көрмеген мүмкіндіктер бар деп ойлаймын», — деді ол.
Иран сыртқы істер министрі Аракчи бұл шабуыл халықаралық құқықты бұзу деп мәлімдеді. Шабуылдан екі күн бұрын Женевадағы Германия, Франция, Ұлыбритания сыртқы істер министрлерімен кездесу барысында Иран АҚШ ұсынған нөлдік вариантқа келіспеген еді.                 Осы келіссөздің нәтижесіз аяқталуы Трамптың соққы беру туралы шешімін тездетті. Аракчи осы келіссөздерді алға тарта отырып, мәселені дипломатиялық жолмен шешуге болатын еді деп мәлімдеді. Иранның бас билеушісі -аятолла Хаменеи қауіпсіздігін сақтау үшін, жасырын бункерге тығылуға мәжбүр болды және оқыс оқиға болған жағдайға дайын болу үшін өзіне мұрагерлер тағайындады. Ол елді басқаруды көмекшілері арқылы жүзе асыруда және бұл тәсіл оперативті басшылық жасауға кедергі келтіруде. Иран шабуылы басталғалы 400 зымыранмен Израиль қалаларын атқылады. Израиль әуе қорғанысы жүйесі Иранның баллистикалық зымырандарын көп жағдайда атып түсіре алмауда.
23 маусымға қараған түні Трамп өзінің әлеуметтік желісінде «»Режимді өзгерту» терминін қолдану саяси тұрғыдан дұрыс емес. Дегенмен, қазіргі Иран режимі Иранды қайтадан ұлы ете алмаса, режимді өзгерту керек емес пе?» деп жазды. АҚШ Иранның келіссөзге келу шешімін күтіп отыр, Иран сыртқы істер министрі Мәскеуге жол тартты.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Израиль-Иран соғысы қашан аяқталады?

Фото Би-би-си сайтынан алынды Біз өткен жолы жариялаған мақаламызда Израиль-Иран соғысы ұзаққа созылмайды деп болжам жасаған едік. Қазіргі жағдайда  соғыстың...

Израиль -Иран қақтығысы: соңғы жаңалықтар

Иран зымырандары талқандаған Израиль тұрғын үйі Натаньяху Иранның ядролық қару жасау бағдарламасын біраз жылдарға артқа шегердік, ендігі мақсат баллистикалық...

Израиль- Иран :Таңғы жаңалықтар

фото Reuters Израиль премьер-министрі Натаньяху Иран азаматтарын билікке қарсы шығуға шақырды 1979 жылы төңкерістің нәтижесінде биліктен кеткен шах Пехлевидің...