АҚШ АЭС салуға үміткерлер қатарынан неге кетті?

Қазақстанға АЭС салуы мүмкін 5 елдің ішінде АҚШ та болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазір елімізге АЭС салуға ниетті 4 компания қалды. Олар – Ресейдің Росатомы, Қытайдың CNNC-і, Корейдің KHNP-і және Францияның EDF-і.

Атом және энергетикалық қа­да­ғалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин KazAtomExpo көрмесінде АҚШ-тың АЭС салу бойынша үміткерлер қатарынан неге шыққанын айтты.

АҚШ-тың кетуі қазір шағын модульді реактоларға бет бұруы себебінен. Олар қуаттылық жағынан жарамай қалды. Оның үстіне, шағын модульді реакторлар қазір ешбір жерде қосылмаған. Сондықтан оны болашақта қарастырамыз, – деді ол.

Серғазин сондай-ақ биыл жыл соңына дейін АҚШ Энергетика министрлігінің қолдауымен Ядролық физика институты аясында шағын модульді реактордың стимуляторы орналастырылатынын жеткізді.

Еске сала кетейік, осыған дейін, Премьер-министр Олжас Бектенов елімізге АЭС салынса,құрылыс қатаң бақылауғаалынатынын айтты. 

АЭС бойынша референдум өткізу туралы Үкімет қаулысының жобасы Президент қарауына ұсынылды.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Әзірбайжан және Өзбекстан: Үстірт аймағындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі Әзірбайжан мемлекеттік мұнай компаниясы (SOCAR) Өзбекстанның Үстірт аймағында көмірсутегі ресурстарын игеру бойынша...

АҚШ-Россия: Аляскада қандай мәселелер талқыланды?

Фото: Эндрю Харник/Getty Images Аляскадағы кездесуге әлем...

Украина тағдыры қыл үстінде

Аляскадағы Трамп пен Путин кездесуі Ресей-Украина соғысын тоқтата қоймайтыны белгілі. Алайда ұзаққа созылатын келіссөздердің басы болуы мүмкін. Келіссөзге қатысушылардың...