HomeӘлем жаңалықтарыФранция мен Еуроодақ...

Франция мен Еуроодақ американдық ғалымдарды Еуропаға шақырды

Фото: Gonzalo Fuentes/AP Photo/picture alliance

Франция мен Еуроодақ Трамптың әлемдегі ең ірі университеттерге жасаған қысымының нәтижесінде қуғын-сүргінге ұшыраған америкалық ғалымдарды Еуропаға көшуге шақырды. Дүйсенбі күні Президент Макрон мен Еуропалық комиссия төрағасы фон дер Ляйен Сорбонна университетіндегі кездесу барысында АҚШ ғалымдарын Еуропаға шақырып, оларға жағдай жасалатыны туралы мәлімдеме жасады деп хабарлады «Немецкая волна». АҚШ президенті Дональд Трамптың университеттерге байланысты саясаты Еуропа үшін тиімді пайдаланатын жағдай болып отыр. Наурыз айының соңында Nature ғылыми журналында жарияланған сауалнамаға сәйкес, американдық ғалымдардың 75%-дан астамы шетелге көшуді қарастыруда. Трампты сынаған бірнеше ғалымдар Америка Құрама Штаттарынан кету туралы шешім қабылдағанын жариялады. Сондықтан  Еурокомиссия шетелдік, әсіресе АҚШ ғалымдарын тарту үшін қосымша 500 миллион еуро бөлуді жоспарлап отыр. Бұл сома 2025-2027 жылдар аралығында «Ғылым үшін Еуропаны таңдаңыз» деп аталатын жаңа бағдарламаны қаржыландырады деп мәлімдеді ЕК төрағасы Урсула фон дер Ляйен Париждегі кездесуде. Өз кезегінде Франция президенті Еуропаны ғалымдардың «қауіпсіз баспанасына» айналдыру үшін қосымша 100 миллион еуро жұмсауға уәде берді. «Еркін және ашық ғылымсыз күшті демократия болуы мүмкін емес», — деді ол.

«Қаржылық ынталандыр  Еуроодақты ғалымдар үшін тартымды орынға айналдырып, әлемнің ең үздік және дарынды зерттеушілерін қолдайтынын Урсула фон дер Лейен ерекше атап өтті. Ол орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бөлінетін қаржы көлемі   ЕО жалпы ішкі өнімінің  3%-ына жеткізуді  қамтамасыз ету керек екенін атап өтті.

Макронның кеңсесі бұл қадамның «академиялық еркіндік бірқатар… қауіп-қатерлерге тап болып тұрған кезде» және Еуропа «тартымды континент» болған кезде жасалғанын айтты деп жазды Гардиан газеті. Елисей сарайының қызметкері: «Біз зерттеу еркіндігі бар және тыйым салынған тақырыптар жоқ кеңістікпіз» деді. Шенеуніктің айтуынша, бұл шара «Франция мен Еуропаны еркіндік пен академиялық зерттеулерге кепілдік беретін тұрақты кеңістік ретінде бекітуге» бағытталған. Франция денсаулық сақтау (әсіресе жұқпалы аурулар), климатты зерттеу және жасанды интеллект салаларында жұмыс істейтін ғалымдарды тартуға ерекше қызығушылық танытады. Дүйсенбі күнгі оқиға «Ғылым үшін Еуропаны таңдау» деп аталатын 13 еуропалық ел, соның ішінде Франция, Германия және Испания Еуропалық комиссияға академиялық таланттарды тарту үшін тезірек әрекет етуге шақырған хаттарынан кейін қабылданған шешім болды.

Макронның кеңсесі Еуропаның академиялық еркіндік пен зерттеулер бағаланатын орын екенін атап өтті, әсіресе қазір бұл бостандықтарға АҚШ- та қауіп төніп тұрған кезде өзектілігі ерекше болмақ. Франция ғалымдарды, әсіресе денсаулық, климат және жасанды интеллект салаларына тартқысы келеді. «Ғылым үшін Еуропаны таңдау» бағдарламасы Еуропаның 13 елінің ЕО-ға таланттарды тартуды жеделдету туралы үндеуінен кейін Еуропаны ғылымның тұрақты және еркін орталығы ретінде көрсету күш-жігерінің бір бөлігі болып табылады.

Францияның зерттеу министрлігі France-Presse агенттігіне: «Кейбір шетелдік зерттеушілер инфрақұрылыммен танысу үшін Францияға келіп, нысандар мен платформаның орнатылуын күтіп отыр», — деді. Францияда Экс-Марсель университеті наурыз айында «Ғылым үшін қауіпсіз орын» бағдарламасын іске қосты. Маусым айында ол өзінің алғашқы шетелдік зерттеушілерін қарсы алады. Францияның жоғары білім және зерттеулер министрі Филипп Батист наурыз айында француз университеттеріне жазған хатында: «Көптеген атақты зерттеушілер Құрама Штаттардағы болашақтары туралы ойланып жүр. Әрине, біз олардың белгілі бір бөлігін қуана қарсы алғымыз келеді» деп жазды. АҚШ-тағы ғылыми-зерттеу инвестициялары, соның ішінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктер Еуропаға қарағанда көп жылдар бойы көбірек болғандықтан, проблемалар әлі де бар. Еуропа ондаған жылдар бойы университеттер мен ғылыми орталықтарға инвестиция салуда АҚШ-тан артта қалып келді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Ресей-Украина соғысы туралы соңғы мәліметтер

фото Национальной полиции Украины Ресей президенті Владимир Путин Украинаға 15 мамырда Ыстамбұлда ұзақ мерзімді бейбітшілікке жету жолын және ықтимал атысты...

Филиппиндегі аралық сайлаудағы басты мәселе

Сара Дутерте және кіші Фердинанд Маркос, Фото: Reuters Рейтер агенттігі Флиппиндегі аралық сайлау барысындағы саяси жағдайға арналған мақаласында елдегі екі...

Гейтс пен Маск жанжалы: әлемдегі қайырымдылыққа деген екі көзқарас

Билл Гейтс (Фото: Mike Segar / Reuters) Дүниедегі екі ықпалды миллиардер Билл Гейтс пен Илон Маск,  бай адамдардың ғаламдық мәселелерді шешуге...