HomeӘлем жаңалықтарыЗеленский Қырымды беруден...

Зеленский Қырымды беруден бас тартты

Фото: EPA

Сәрсенбі күні Лондонда өтуге тиіс келіссөздерге АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубио бармайтын болды. Басты себеп- 22 сәуір күні Украина президенті В. Зеленский ұсынылған жобаны қайта қарауды ұсынды және Қырымды Ресейдікі деп мойындаудан бас тартты. Оның орнына Лондонға арнайы өкіл генерал Кит Келлог, Украина жағынан да арнайы өкілдер қатысатын болды.
Келіссөздердің мазмұны туралы біршама кеңірек жазылған және әлемдік ақпарат көздері көп сілтеме жасап отырған дереккөздің бірі-«Axios» онлайн басылымы.
Осы басылымның ақпарат көздерінің хабарлауынша, АҚШ Украинадан Қырымды Ресейдің бір бөлігі деп тану және Ресейдің басып алынған аумақтардағы бақылауын бейресми түрде мойындауды қамтитын бейбітшілік жоспарына жауап береді деп күтуде. Бір беттік құжат Парижде украин шенеуніктеріне ұсынылды және ол президент Трамптың «соңғы ұсынысы» деп аталады. Киев бұл құжатты Ресейдің пайдасына біржақты шешілген деп санайды және оның Ресейге тигізетін пайдасының анық жазылғанын, ал Украинаға ұсынылып отырған жеңілдіктер бұлыңғыр күйінде қалып отырғанын алға тартады.
Трамптың ұсынысы бойынша Ресей не алады:
• Ресейдің Қырымды басып алуын заң жүзінде мойындау.
• Бүкіл Луганск облысын және Донецк, Херсон және Запорожье облыстарының басып алынған бөліктерін іс жүзінде мойындау.
• Украинаның НАТО-ға мүше болмайтынына, бірақ Еуропалық Одаққа кіре алатынына кепілдік.
• 2014 жылдан бері енгізілген санкцияларды алып тастау.
• АҚШ-пен экономикалық ынтымақтастықты, әсіресе энергетика және өнеркәсіп салаларында кеңейту.
Бұл ұсыныс Украинаға айтарлықтай қысым көрсетіп отырғанын көрсетеді және келіссөздердің болашағына алаңдаушылық туғызады.
Трамптың ұсынысына сәйкес, келіссөз нәтижесінде Украина келесі жеңілдіктерді ала алады:
• Қауіпсіздіктің сенімді кепілі – еуропалық елдердің арнайы тобы құрылады, мүмкін басқа аймақтардағы жақтастар да қатыса алады. Бірақ құжатта бітімгершілік операцияның қалай жүзеге асырылатыны көрсетілмеген және АҚШ-тың қатысуы туралы ештеңе айтылмаған.
• Ресей басып алған Харьков облысының бір бөлігі қайтарылады.
• Украинаның оңтүстігіндегі майдан шебімен өтетін Днепр өзенінің бойымен кедергісіз өтуге жағдай жасалады.
• Өтемақы және қалпына келтіру көмегі – алайда құжатта қаржыландырудың қайдан келетіні көрсетілмеген.
Жоспардың басқа элементтері:
• Еуропадағы ең ірі нысан, Украина мен Ресейді электр қуатымен қамтамасыз ететін Запорожье атом электр станциясы ресми түрде Украина территориясы болып саналады, бірақ оны АҚШ басқаратын болады.
• Трамптың айтуынша, жақын арада қол қойылатын АҚШ пен Украина арасындағы минералды шикізатты жеткізу туралы келісім жасалады.
Бұл жоспар Трамптың арнайы өкілі Стив Виткофф Путинмен төрт сағаттан астам кездескеннен кейін әзірленді. Еуропалық шенеуніктер әлі де күмәндана қараған бұл құжатты американдықтар бейбітшілікке бағытталған маңызды қадам деп есептейді.
Виткофф алдағы келіссөздер үшін Мәскеуге баруды жоспарлап отыр.
Бір америкалық шенеунік Украина Трамптың бітімгершілік жоспарының орнына 30 күндік атысты тоқтатуды талқылауды қалайтынын айтты.
Трамп тағы да Зеленскийді жамандауға кірісті.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Кашмир дауы кезекті Үндістан мен Пәкістан соғысына ұласа ма?

Кашмир мәселесі – Үндістан мен Пәкістан арасындағы Кашмир аймағын иеленуге байланысты басталған күрделі және ұзақ уақытқа созылған дау. Қазіргі...

        Путин келіссөздерге дайын екенін мәлімдеді

 21 сәуір күні Ресей президенті Владимир Путин соғыс басталғаннан бері алғаш рет Украинаға екіжақты келіссөздер жүргізуді ұсынды деп хабарлайды...

Рим Папасының сайлауына американдық үміткер қатыса ала ма?

Ватикан   фото Фейсбуктен алынды Дүниедегі ең ықпалды қаржылық, талдау және ақпараттық платформалардың бірі - Bloomberg  Рим Папасын сайлау туралы мақала...