HomeРедакция талдауы2025 жыл: Негізгі...

2025 жыл: Негізгі халықаралық оқиғалар туралы болжам

 

АҚШ. 20 қаңтарда жаңадан сайланған АҚШ президенті Д. Трамп ресми қызметіне кіріседі. Кәсіпкер ретінде Трамп барлық елдермен «сен маған, мен саған» қағидатымен саяси қарым-қатынас жасайды деп күтілуде. Ең бастысы, Қытаймен «сауда соғысы» басталады. АҚШ- тың  европалық одақтастарының  қорғанысқа бөлінетін қаржысын көбейеді. Европалық тауарды америка газына алмастыру көбейеді. Украинаны келісімге мәжбүрлеп,  Ресейдің айтқанын істейді. Трамп әкімшілігінің негізгі мақсаты — Қытайды әлсірету.

 

Қытай.  Елдегі экономикалық мәселелер күрделене бастайды. АҚШ-пен саяси саудаласу тұйыққа тірелген жағдайда Қытай «Тайвань мәселесін» күн тәртібіне қояды және әскери күш көрсетуге көшуі мүмкін. Бұл АҚШ-пен «саудаласудың» жаңа түрі болмақ.

Евроодақ. Одақтың тірегі болып отырған Германия мен Францияда саяси дағдарыс күшейе түседі. Германияда ақпан айында өтетін сайлауда ХДС-ХСС одағы жеңіске жеткенімен коалициялық үкімет құрылады. Алайда Масктың қолдауымен оңшылдардың АдГ партиясы неміс парламентіндегі депутаттар санын көбейтеді. Неміс автоөнеркәсібінің дағдарысы жалғасады. Франциядағы саяси дағдарыс президенттік сайлауға дейін ұласады.

Егер Илон Маск Еуроодақ елдерінің ішкі саясатына араласуын күшейткен жағдайда одақ әлеуметтік желінің европалық ірі платформасын жасауы мүмкін.

 

Ресей. Украинамен соғыста экономикалық жағынан әлсіреген Ресей санкциялардан құтылуға тырысады. Алайда Европаны қорқыту саясатын жалғастыра береді. Балтық теңізіндегі провокациялар жалғасын табады. Парламенттік сайлау қарсаңында Молдованы энергетикалық блокадағы алады. Грузияны Еуродаққа интеграциядан бас тартқызғаннан кейін Молдовада ресейді жақтаушы үкімет құруға ұмтылады.

Украинадағы соғысты «жеңіспен аяқтадық, НАТО-ны жеңдік» деген ұранмен Қазақстанды қорқыту күшейеді.  Белоруссиямен құрылған одақтық мемлекетке Қазақстанды, ал Евразиялық экономикалық одаққа Өзбекстанды тарту саясатын жалғастырады.

Украина. Бейбіт келісімге қол жеткізген жағдайда Украина территориясының бір бөлігінен айрылады. Одақтастары соғыс зардаптарын жою бағдарламасын қабылдайды. Ірі мемлекеттердің кепілдігінен «аузы күйген» Украина НАТО ға мүшелікке өтуге бар күшін салады. Алайда оны ұзақ уақытқа шегеруге тура келеді. Украина әскери әлеуеті жоғары мемлекет ретінде әскери өнеркәсібін күшейту бағдарламасын жүзеге асырады.

Қазақстан. Мұнай мен металлургия өнімдерінің әлемдік нарықтағы бағаларының тұрақсыздығы  Қазақстан экономикасына теріс әсер етеді. Ресей экономикалық дағдарыстан шығу үшін тауарларын Қазақстанға көп көлемде өткізуге тырысады. Қазір Европаға сатылып келген газдың бірі бөлігі Қазақстан мен Өзбекстанға сатылуда. Сонымен бірге электр энергиясын да Қазақстан көптеп сатып ала бастайды.

Қазақстанда күрделі саяси реформалар жариялануы мүмкін.

 

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Кашмир дауы кезекті Үндістан мен Пәкістан соғысына ұласа ма?

Кашмир мәселесі – Үндістан мен Пәкістан арасындағы Кашмир аймағын иеленуге байланысты басталған күрделі және ұзақ уақытқа созылған дау. Қазіргі...

Зеленский Қырымды беруден бас тартты

Фото: EPA Сәрсенбі күні Лондонда өтуге тиіс келіссөздерге АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубио бармайтын болды. Басты себеп- 22 сәуір күні...

        Путин келіссөздерге дайын екенін мәлімдеді

 21 сәуір күні Ресей президенті Владимир Путин соғыс басталғаннан бері алғаш рет Украинаға екіжақты келіссөздер жүргізуді ұсынды деп хабарлайды...