2024 ж. 27 наурыз; Зои Клейнман, «Технология» жөніндегі редактор.
Еуропалық «ұшатын көлік» Қытайға сатылды
Бастапқыда Еуропада жасалып, сынақтан сәтті өткен ұшатын көлік (летающий автомобиль) технологиясын алғаш болып қытайлық фирма сатып алды.
2021 жылы BMW қозғалтқышы және тұрақты отыны (обычное топливо) бар AirCar, екі Словак әуежайы арасында ұшып-қону жолақтарын пайдаланып 35 минут ұшты. Көліктен ұшаққа ауысу механизмі екі минуттан астам уақытты алды. Енді оның негізінде жасалған көліктер Қытайдың «белгілі бір географиялық аймағында» жұмыс істейтін болады.
Штаб-пәтері Цанчжоуда орналасқан Hebei Jianxin Flying Car Technology компаниясы AirCar ұшақтарын белгісіз аумақта өндіруге және пайдалануға эксклюзивті (ерекше) құқықтарды алды. Компания өзінің әуежайы мен ұшу мектебін басқа словакиялық ұшақ өндірушісінен сатып алғаннан кейін салды, — дейді AirCar-дың негізін қалаған KleinVision компаниясының соучредительі Антон Заяк.
Электрлік көлік революциясының дамуына жетекшілік еткен Қытай, қазір ұшатын көлікке байланысты мәселелерді белсенді түрде шешуде.
Ақпан айында Autoflight компаниясы Шэньчжэнь мен Чжухай қалалары арасында жолаушы ұшқышсыз ұшқыштың (пассажирский дрон) сынақ рейсін өткізді. Ұшақта жолаушы болмаса да, көлікпен үш сағатқа созылатын сапар 20 минутта аяқталды, деді ол.
Ал 2023 жылы қытайлық eHang компаниясы қытайлық шенеуніктерден өзінің электрлі ұшатын таксиі үшін қауіпсіздік сертификатын алды. Ұлыбритания үкіметі 2028 жылға қарай ұшатын таксилер аспандағы қарапайым көрініске айналуы мүмкін деп мәлімдеді.
Бірақ дрон тәрізді жолаушылар ұшақтарынан (пассажирские самолеты) айырмашылығы, AirCar тігінен көтерілмейді де қонбайды да және сол себепті ұшу-қону жолағын қажет етеді.
KleinVision компаниясы бұл технологиясын қаншаға сатқанын айтпады. AirCar 2022 жылы Словакияның көлік басқармасынан ұшуға жарамдылық сертификатын алды және осы жылдың басында YouTube-та Mr Beast каналы жариялаған видеода көрсетілді.
Бұл көлік түріне инфрақұрылым, реттеу және технологияны қоғамдық қабылдау тұрғысынан әлі де айтарлықтай кедергілер бар.