24-26 қазанда БРИКС ұйымының кезекті саммиті Ресейде, Қазан қаласында
өтті. Ресей қабылдаушы ел ретінде осы саммитті өте жоғары деңгейде өткізуге
күш салуда. Себебі Украинамен соғысқа байланысты және «көп полюсті
дүние» концепциясын жүзеге асыру үшін Путин БРИКС-ті басқа халықаралық
ұйымдарға балама ретінде күшейтуге тырысуда. Ұйымды күшейтудің бір
амалы -мүшелерді көбейту. Осы жылдың басынан ұйымға Египет, Иран,
ОАЭ, Сауд Аравиясы және Эфиопия мүше болды. Алайда Сауд Аравиясы
өзінің мүшелікке өткендігі туралы жариялаған жоқ.
Сарапшылар БРИКС саммитінің Ресейде жоғары деңгейде өтуінің өзі, оның
жеңісі деп есептеуде. Себебі әр түрлі санкциялардың нәтижесінде Ресейді
оқшаулау жоспары жүзеге аспады. Алайда Ресейдің осы ұйымды
жылдамдатып күшейте отырып, басқа халықаралық ұйымдарға балама
ретінде қалыптастыруға ұмтылуы толық жүзеге асты деп айта алмаймыз.
Себебі ұйым мүшелерінің өзара сауда қатынастарын долларсыз жүргізуге
ұмтылысы жүзеге аспады. Ал енді санкция барасында әлемдік қаржылық
жүйеден шығарылған елдер үшін жаңа платформа құру идеясы да саммитте
көтерілгенімен тек талқылау деңгейінде қалып отыр.
Қазандағы саммитте Азербайжан мен Турцияның ұйымға мүшелікке өту
мәселесі қаралмақшы еді. Алайда саммит барысында биыл мүшеллікке
ешкімді қабылдамау туралы шешім қабылданды.
БРИКС (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка) –
маңызды экономикалық, демографиялық және геосаяси әлеуетті біріктіретін
қарқынды дамып келе жатқан елдер тобы. БРИКС елдерінің біріккен
экономикалық әлеуеті жаһандық экономикада маңызды рөл атқарады және
әлемдік нарықтарға, халықаралық сауда мен инвестицияға әсер етеді.
БРИКС-тің жалпы экономикалық әлеуетінің негізгі аспектілерін
қарастырайық.
1. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) Біріктірілген ЖІӨ: 2023 жылғы жағдай бойынша
БРИКС елдерінің жалпы ЖІӨ шамамен 25 триллион АҚШ долларын
құрайды, бұл әлемдік ЖІӨ-нің шамамен 30% құрайды. ЖІӨ шамамен $17
триллионмен Қытай көш бастап тұр, одан кейін Үндістан (~$3 триллион),
Ресей (~$1,8 триллион), Бразилия (~$2 триллион) және Оңтүстік Африка
(~$0,4 трлн).
2. Халық саны: БРИКС елдері 4 миллиардтан астам адамды біріктіреді, бұл
әлем халқының шамамен 53% құрайды. Қытай мен Үндістан әлемдегі халқы
ең көп екі ел болып табылады, олардың әрқайсысында 1,4 миллиардтан астам
адам бар.
3. Сауда және инвестиция Халықаралық сауда: БРИКС дүниежүзілік
сауданың маңызды қатысушысы болып табылады, тауарлар мен
қызметтердің әлемдік саудасының шамамен 20% құрайды.
Өзара инвестиция: БРИКС елдері арасындағы өзара тікелей шетелдік
инвестициялар (ТШИ) топ ішіндегі инфрақұрылымды, технологияны және
өнеркәсіпті дамытуға ықпал ететін айтарлықтай соманы құрайды.
Саммиттің қорытындысы бойынша мынадай мәселелерді жүзеге асыру
көзделді:
1.БРИКС депозитарлық жүйесін құру. Саммит декларациясында блок елдері
өздерінің депозитарлық инфрақұрылымын құрғалы жатқаны айтылған. Оның
көмегімен БРИКС елдері биржаларындағы бағалы қағаздардың есебін
жүргізе алады. Ол BRICS Clear деп аталады.
2.БРИКС астық биржасын құру. Ресей Федерациясының Президенті
нарықтарын алыпсатарлардың шабуылынан және жасанды тапшылықтан
қорғау үшін блок елдері үшін астық биржасын құруды ұсынды.
3. Бағалы металдар мен алмаздармен сауда жасайтын биржа құру.
4.Жаңа инвестициялық платформа құру. Ресей тарапынан тағы бір бастама
ұлттық экономикаларды қолдау және жаһандық Оңтүстік пен Шығыс елдерін
қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету құралына айналатын жаңа
инвестициялық платформа құру болып табылады.
5.Ерекше экономикалық аймақтар арасында ақпарат алмасу. Ресей
Федерациясының Президенті сондай-ақ БРИКС аумағында арнайы
экономикалық аймақтардың басшылары арасында байланыс орнатуды
ұсынды. Сонда ЕЭА басшылары логистикалық хабтарды құру, өнеркәсіптік
өндірісті оқшаулау және тұрғындарға жағдай жасау бойынша озық
тәжірибемен алмаса алады. Бүгінгі таңда БРИКС мемлекеттерінің аумағында
2,5 мың ЕЭА орналасқан.
6.Ең бастысы, БРИКС елдері халықаралық қаржы аударудың SWIFT
жүйесінен бөлек, санкцияларды айналып өтуге мүмкіндік беретін, қаржы
платформасын құруды жоспарлады.
Саммитте қабылданған шаралар өз ара сауда жасауға мүмкіндік бере отырып,
доллардан, ең бастысы, АҚШ-тың экономикалық ықпалынан шығуға
бағытталған. Алайда дамыған елдердің тауар сапасын дамушы елдердің
өнімдерімен салыстыратын болсақ, онда біраз сұрақтар туындайтыны белгілі.
Сонымен бірге саммитке 35 елдің қатысуы да көңіл бөлерлік жағдай.
Олардың бір бөлігі Ресейдің арзан шикізатынан өз үлесін көбірек алғысы
келсе, екіншілері, халықаралық саяси ойындардан ұпай жинауға ұмтылуда,
мысалы Еуроодақтың есігін қағудан шаршаған Турция. Ал үшіншілері,
«көкелері» шақырған соң амалсыздан барды.
БРИКС саммиті Путиннің жеңісі ме?
