Германиядағы күзгі саяси кезеңнің басталуы билік партиясы үшін біршама
күрделі мәселелердің тоғысуымен басталды. Бірінші, оппозициядағы жаңа
құрылған партиялар жергілікті өкілдік органдар-ландтагтардағы жеңісі.
Германияда 1 қыркүйекте федералды жерлерде жергілікті өкілдік органдар-
ландтагтарға сайлау өтті. Осы сайлауда Тюрингия мен Саксонияда
Украинаға әскери көмек беруге қарсы екі партия жеңіске жетті. Бұл
федералдық билік үшін қауіпті белгі. Себебі «Германия үшін балама» деп
аталатын оңшыл популистік партия мен құрылғанына бір жыл болмаған
«Сара Вагенкнехт одағын» сарапшылар Ресейге «бүйрегі бұратын» саяси
күштер деп есептейді. Уақытында, Ангела Меркелдің канцлер болған кезінде
Ресейдің арзан газы Германияның экономикасының біршама дамуына әсер
еткен еді. Ресей-украин соғысының басталуымен Евроодақ ресей газынан бас
тартты.
Екіншісі, Германияның мақтанышы – автомобиль жасау өндірісінде дағдарыс
басталды. АҚШ пен Қытайдың электр автомобильдері неміс автоөндірісіне
ауыр соққы берді. Елдегі ең ірі «Volkswagen (VW) компаниясы
Германиядағы заводтарының бір бөлігін жабу туралы жоспары дағдарыстың
басты белгісі болып табылады.
Марсель Фратцшер, Германияның экономикалық зерттеулер институтының
(DIW) президенті: «Германия экспортқа, өнеркәсіпке өте тәуелді. Тек
Volkswagen ғана емес, басқа да көптеген кәсіпорындар трансформация жасау
мүмкіндігін жіберіп алды. Фольксвагенге келсек, компания
электромобильдерге ауыса алмады. Бұл жағынан ол артта қалды. Бұрындары,
ол өте жоғары табысқа ие болды. Осындай мәселе тек автомобиль өндіріс
ғана емес, сонымен бірге машина жасау, фармацевтика, химия өнеркәсібі де
бар».
Осындай күрделі кезеңде неміс канцлері Олаф Шольц елдегі
наразылықты біршама бәсеңдеті үшін жаңа бастама жариялады. 9 қыркүйек
күні кешке Германия социал-демократиялық партиясының (SPD) іс-
шарасында канцлер Олаф Шольц агрессор елге қарсы қорғаныс әрекеттері
үшін Украинаға қажетті әскери қолдау көрсетумен қатар, Ресей де бейбіт
конференцияға қатысуы керек деп мәлімдеді. Сонымен бірге « қазіргі әскери
жағдайдан шығудың жолын табу керек» деп атап өтті» — деп хабарлайды
Reuters агенттігі.
Шольц Украина басшылығы сияқты Ресейдің де қатысуы керек тағы
бір бейбіт конференция өткізгісі келетінін жариялады. Сонымен бірге ол егер
Ресей президенті Владимир Путин «шабуыл жасауды жалғастыру» туралы
шешім қабылдаса, «бұл идеяның жүзеге аспайтыны белгілі» деді. «Менің
ойымша, бұл жағдайда бізге саясатта әрқашан маңызды мына нәрселерді
ұмытпауымыз керек: айқындық, беріктік және қайтпас мінез-құлық, себебі
сіз Еуропадағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуіміз қажет», —
деп қорытындылады канцлер іс-шарада.
Шольцті бұл бастамасына қарсы оппозиция Киевті «жалған
бейбітшілікке» мәжбүрлемеуге шақырды.
Неміс оппозициясы Олаф Шольцтың Украинадағы дипломатиялық реттеуді
тездету қажеттігі туралы мәлімдемесін елдің басқарушы коалициясының
құрамына кіретін Герман социал демократиялық партиясының саяси
бағытында қауіпті өзгерісі ретінде қабылдады. 9 қыркүйекте жарияланған
Bild газетіне берген сұхбатында Шольцтің бастамасы «болжауға болатын»
еді деп мәлімдеді оппозициялық Христиан-Демократиялық Одағының
(CDU) сыртқы саясат жөніндегі сарапшысы, бұрынғы Бундесвер офицері
Родеррих Кизэветтер. Оның айтуынша, бұл күш-жігер социал-
демократтардың бір бөлігінің «Украинаны Ресей айтқан жалған
бейбітшілікке итермелеуге» бағытталған стратегиясына сәйкес келеді. Бұл
процестің құрамдас бөліктерінің бірі — Украинаға қолдауды біртіндеп
қысқарту және Ресеймен бейбіт келіссөздерді бастау талабы»- деп қосты
христиан-демократ.
Сонымен бірге ол Германия канцлерінің Ресей Федерациясын Украина
бойынша кезекті бейбітшілік саммитіне шақыру ниеті дұрыс емес деп
есептейді. Кизветтердің пікірінше, Шольц осылайша бейбіт реттеудегі
жетістіктері үшін алғыс алғысы келеді, бірақ бұл «жағдайды нашарлатады.
Украина үшін және сол арқылы Еуропа мен Германияның қауіпсіздігін
әлсіретеді». Кизеветтер «канцлер ресейлік жалған ақпарат пен үгіт-насихатқа
мойынсұнды, сондықтан ол қауіпсіздік саясатында жариялаған «бұрылыс
нүктесі» «фарс және тарихқа айналады» деп есептейді.
Шольц тікелей келіссөз жүргізуге дайын екендігін мәлімдей отырып,
Украинаға де көмек беруді жалғастыруда. 11 қазан күні Германияға келген
Зеленскийге Шольц өздерінің одақтастары -Бельгия, Дания, Норвегиямен
бірігіп, 1,4 миллиард евроға әскери көмек беруге уәде берді.
Германиядағы саяси жағдай және Украина мәселесі
