Қазақстанда Ұлттық қордан алынған қаржының жұмсалуын бақылайтын комиссия өз жұмысын қайта бастады деп хабарлайды Жоғарғы аудиторлық палатасының сайты.
Жоғарғы аудиторлық палатасының (ЖАП) хабарлауынша, комиссия 2014 жылы құрылған күннен бастап Ұлттық Банктің жанынан жұмыс істесе, 2020 жылдан бастап ЖАП оның жұмыс органына айналды
«Қазіргі уақытта ел Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында комиссияның жұмысы жаңартылған форматта және жаңа құрамда қалпына келтірілуде. Ұзақ үзілістен кейін ағымдағы жылдың 21 ақпанында Жоғарғы есеп палатасында Әлихан Смайыловтың төрағалығымен оның отырысы өтті», — делінген хабарламада.
Осының алдында, 17 ақпанда орта білім саласына бөлінген қаржыны тексерген Жоғарғы аудиторлық палатаның қорытындысын Tengrinews.kz сайты жариялаған болатын. Аудит нәтижесінде орта білім беруді дамыту жүйесіндегі мәселелер мен кемшіліктер анықталды, бұл жоспарланған шаралардың тиімділігін төмендететіні атап өтілді. Жоғарғы есеп палатасының мүшесі Нұрлан Нұржановтың айтуынша, проблемалар стратегиялық жоспарлау, білім сапасын бағалау, педагог кадрларды даярлау және оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік реттеуге қатысты. Білім саласында мемлекеттік бағдарламалар мен тұжырымдамалардың жиі өзгеретіні, бұл бастамалардың үзілуіне және білім беру саясатындағы тұрақтылықтың болмауына әкелетіні атап өтіледі.
Аудиторлық қорытындыда педагог кадрлардың біліктілігін арттыруға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кезінде Еңбек министрлігінің болжамдары мен білім беру жүйесінің нақты қажеттіліктері арасында елеулі сәйкессіздіктер анықталды, бұл есептеу әдістемесіндегі кемшіліктерге байланысты. Мұғалімдерді курстан кейінгі қолдау мәселесі өзекті болып қала береді: жаңа білімді тәжірибеде қолдануда күтілетін көмек семинарлар мен басылымдармен шектеледі.
«Білім беру стандарттары саласындағы реформалар жүйелі түрде жүргізілмейді. Оқу бағдарламаларының жиі өзгеруі бұрыннан шыққан оқулықтардың қайта қаралуына және бюджеттік шығындардың тиімсіз болуына әкеліп соқты. Соңғы 5 жылда оқулықтарды қайта қараудан келген экономикалық шығын 16 миллиард теңгеден асты. Оқулықтардың сапасына сараптама және мониторинг жүргізудегі кемшіліктер анықталды. Бес жылда бағалау критерилері 12 рет өзгерген және бұл тұрақты бағалау жүйесінің қалыптаспағанын көрсетеді.
Сраптама жасау тәртібі мемлекеттік қызметті мониторинг жасаудың ақпараттық жүйесіне қосылмаған және бағалау қағаз арқылы жүзеге асырылуда.
Жалпы мемлекеттік аудит қорытындысы мынадай: 1,1 млрд теңгеге қаржылық нормаларды бұзу, қаражат пен ресурстарды тиімсіз жоспарлау – 62,4 млрд теңге, тиімсіз пайдалану – 3,2 млрд теңге.
Қазақстанда Ұлттық қордан алынған қаржының жұмсалуы бақылауға алынды
