HomeЖаңалықтарҚазақ-өзбек қатынастарында жаңа...

Қазақ-өзбек қатынастарында жаңа кезең басталды

29 наурыз күні Алматыда Қазақстан Республикасының президенті Қ. Тоқаев пен Өзбекстан Республикасының президенті Ш. Мирзиёевтің бейресми  кездесуі басталды. «Бүгінгі кездесуіміздің сипаты ресми болмаса да, мен үлкен құраммен келдім. Дегенмен әрбір осындай бейресми жүздесулер біздің байланыстарымызға, барлық келісімдеріміздің орындалуына тың серпін береді, – деп атап өтті Шавкат Мирзиёев кездесудегі сөзінде (Акорда сайты). Өзбекстан президентіне қысқы демалыс орындарын көрсету — бұл өзбек туристеріне Алматыда қысқы демалыс ұйымдастыруға барлық жағдай жасалғандығын көрсету, таныстыру екені белгілі.
Сонымен бірге екі жақтың да үлкен үміт күтіп отырған жобасы- ол шекаралық аймақта үлкен халықаралық орталықты іске қосу. Бұл қазақ-өзбек қатынастарындағы жаңа кезеңді бастайтындығын көрсетеді. Сондықтан да осы кездесу қарсаңында «Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды» деп хабарлады «Ақорда» сайты. Бұл жоба екі жақтың тауар айналымын 2030 жылға қарай 10 миллиард долларға дейін жеткізеді деп жоспарлануда.
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру туралы екі жақтың  шешім қабылдағанын 2022 жылы желтоқсан айында  Өзбекстан-Қазақстан өңіраралық бизнес форумы аясында Ташкентте жарияланды. Осы форумда Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары- сауда және интеграциялау министрі С. Жұманғарин екі елдің тікелей инвестициялары туралы мынадай мәлімет берген болатын: Қазақстанның Өзбекстан экономикасына тікелей инвестициясы -560 миллион доллар, ал Өзбекстанның Қазақстан экономикасына тікелей инвестициясы -23 миллион доллар (Казинформ).
2024 жылы Астанада осы жоба туралы келісімге Өзбекстан мен Қазақстан президенттері қол қойды. Бұл келісім Қазақстан Республикасының Мәжілісінде 2024 жылы ратификацияланды, ал Сенатта биылғы жылдың ақпан айында бекітілді.
«Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы «Атамекен» (Оңтүстік Қазақстан) және «Гүлістан» (Өзбекстан) бақылау-өткізу бекеттерінің жанында орналасады және оның құрамына өндіріс орындары, қоймалар, көлік инфрақұрылымы кіреді. Орталықтың жалпы көлемі 100 гектар жерді қамтиды, оның 50 гектары Қазақстан жағынан, 50 гектары Өзбекстан жағынан болады.
Түркістан облысының әкімдігі 2024 жылғы 7 ақпанда өткізген конкурстың қорытындысы бойынша Орталық Азия ХӨКО құрылысының негізгі инвесторы TCL Gr. ЖШС болады деп шешім қабылдады.  Индустриалды аймақты басқаруға беру үшін инвестордың және Түркістан облысы әкімдігінің қатысуымен заңды тұлға құру рәсімдері жасалуда -деп хабарлады DKNews.kz. сайты.
Қабылданған жоспарға сәйкес, техникалық және құрылыс жұмыстары 2026 жылдың төртінші тоқсанында аяқталады, ал ресми ашылуы 2027 жылдың бірінші жартыжылдығына белгіленген.
Өзбекстан болашақта түрік мемлекеттерінің интеграциясында елеулі орын алатын мемлекет. Себебі Өзбекстан ешқандай әскери, саяси және экономикалық одақтардың мүшесі емес. Сондықтан да оның одақтарға қосылмау саясаты болашақта түрік мемлекеттерінің интеграциясын жан-жағына жалтақтамай жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

 

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Кашмир дауы кезекті Үндістан мен Пәкістан соғысына ұласа ма?

Кашмир мәселесі – Үндістан мен Пәкістан арасындағы Кашмир аймағын иеленуге байланысты басталған күрделі және ұзақ уақытқа созылған дау. Қазіргі...

Зеленский Қырымды беруден бас тартты

Фото: EPA Сәрсенбі күні Лондонда өтуге тиіс келіссөздерге АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубио бармайтын болды. Басты себеп- 22 сәуір күні...

        Путин келіссөздерге дайын екенін мәлімдеді

 21 сәуір күні Ресей президенті Владимир Путин соғыс басталғаннан бері алғаш рет Украинаға екіжақты келіссөздер жүргізуді ұсынды деп хабарлайды...